Ақын «жәңгірхандық» жастармен кездесті
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 29 наурыз күні ақын, журналист Ғайсағали Сейтақпен кездесу өтті.
«Жыр жүрегінің тұлпары» атты университеттің коворкинг орталығында өткен кеште алдымен сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов бұл кездесудің маңызына тоқталып, келген қонаққа университет басшылығы атынан құрмет көрсетті.
Алдымен Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, республикалық және облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ғайсағали Самиғоллаұлы туралы бейнесюжет көрсетілді. Бұдан соң сөз тізгіні қаламгерге беріліп, өзінің өмір жолы мен шығармашылығы, туған жері, жуырда жарыққа шыққан жаңа кітабы туралы әңгімеледі. Кеш барысында студенттер ақынның «Ел мықты батыр ұлдарыменен», «Ана сүті», «Тәуелсіздік – туым менің ұстаған…», «Жүрек сөзі», «Бесік», «Нарынның нар ұлдары» сынды туындыларын оқыды.
«Парасат» ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – өңірімізден шыққан қаламгерлерді жастарға таныстыру, олардың өнегелі өмір жолдарын насихаттау, білім алушылардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру.
Кездесу соңында ақын «Парасат» орталығына «Жығылмас жалғыз бар туым» атты кітабын сыйласа, қаламгерге орталық директоры Айгүл Есенаманова естелік сыйлық табыстады.
Ләззат ҚАЖЫМОВА
БҚАТУ медиа орталығының директоры
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу