8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2020 1023 0
Қалалықтар қаперіне

А.ШЫНЫБЕКОВ: «ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ ТИІМДІ ШАРА – ҮЙДЕ ОТЫРУ, ЕШҚАЙДА ШЫҚПАУ, ТОЛЫҚ ИЗОЛЯЦИЯ»

Қымбатты жерлестер, қадірменді оралдықтар!

Мен үндеуімді қазыналы қариялар мен ақжаулықты әжелерімізге, қымбатты ата-аналарға, жалынды жастарға, қаламыздағы барлық тұрғындарға арнаймын. Сіздердің денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз мені қала әкімі ретінде де, жерлес ретінде де алаңдатады. Әрқайсысыңыз мен үшін қымбатсыздар.

Өздеріңізге мәлім, әлемді шарлаған коронавирус індеті асқынып барады, соңғы мәліметтерге сай әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 717 мыңнан асты.
Ал Қазақстанда дәл қазір 284 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы факті тіркелген болса, бұл көрсеткіш сағат сайын артуда. Өкінішке орай, елімізде бір адам қайтыс болды.

Кеше Орал және Ақсай қаласында коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша екі жағдай тіркелді. Олар облыс тұрғындары, бірі Атыраудан, екінші адам Ресейдің Саратов қаласынан келген. Олардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін.

Біздің қалада тіркелген факті қауіптің іргеде емес, иек астында екенін көрсетіп отыр. Тоғыз жолдың торабында, Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан Оралдың жан-жағынан жаңа пандемия шабуылдауда.

Коронавирустың ең қауіпті жағы – басқа инфекцияларға қарағанда өте жылдам, тіпті 20 есе тез таралады. Бұл бір. Екіншіден, инфекция, әсіресе, қарт адамдар мен созылмалы сырқаты бар, иммунитеті әлсіз жандар үшін өте қауіпті.
Бәрімізге ортақ маңызды міндет бар, бұл – әрбір азаматты қауіпті инфекциядан алдын ала сақтандыру, өмірі мен денсаулығын қорғау. Идеалды шешімді ешкім ұсына алмайды. Бірақ Сіз бен Біздің қолымыздан келетін, індеттен сақтайтын қарапайым қағидалар бар. Бұл – төтенше жағдай тәртібін қатаң сақтау және тазалық нұсқауларын бұлжытпай орындау.

Өкінішке орай, кейбір адамдар еліміздегі төтенше жағдай режимін демалыс екен, той тойлап, қонаққа бару деп түсініп, жайбарақат жүрген жайттар бар. Қала көшелерінде бала-шағасын ертіп алып, маска тақпай еркін серуендеген азаматтарға айтарым, пандемия – теледидардағы шетел жаңалықтары емес, фантастикалық кино да емес. Бұл – денсаулыққа қатерлі кесел, өте қауіпті вирус. Көзбен көріп, қолмен ұстамаған соң қатерді жете сезінбей отырмыз, бірақ бұл – мыңдаған адамның өмірін әкетіп жатқан ең қауіпті індет, мыңдаған отбасыны қайғыға душар етіп жатқан әлемдік қасірет. Қатерлі індетке тойтарыс беретін вакцина әлі ойлап табылған жоқ. Дәл қазір бұл инфекцияға қарсы тиімді шара – үйде отыру, ешқайда шықпау, толық изоляция. Темірдей тәртіп пен қарапайым қағидаларды мүлтіксіз орындауымыз қажет, жайбарақат жүруді біраз уақыт ұмыту керек. Өзімізге сергек қарап, бір кісідей сақтанайық!

Сондықтан отбасыңызбен оқшауланып, үйде отыру – сіздің саулығыңыздың кепілі. Сіздерге ұнасын-ұнамасын, қолайсыздық туғызса да мұны айтуға тиістімін, әрі төтенше жағдай талаптарын бұлжытпай орындауға шақырамын.

Бәріміздің қолымыздан келетін ең дұрыс шешім – осы. Коронавирустың ошағы болған Қытай елінің қатаң тәртіп пен ұйымшылдықтың арқасында қиындықтан жол тауып шыққаны сөзімізге нақты мысал.
Аз уақыт шыдасақ, індеттен тез құтыламыз!

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделі екенін ескере отырып, облысымыздың бас санитарының қаулысымен төтенше жағдай режимі күшейтілді, бүгіннен бастап облысымызға кіріп-шығатын жолдар жабылды, Орал қаласы бойынша санитарлық карантиндік шаралар күшейтіле береді. Балабақшалардың жұмысы тоқтатылады. Азық-түліктік емес сауда орындары мен базарлар уақытша тоқтатылды, қаладағы қоғамдық тамақтану орындары сағат 10-нан кешкі 6-ға дейін қызмет көрсетеді, одан кейінгі уақытта үйге тамақты тек тапсырыспен алуға рұқсат етіледі. Қала аумағындағы адамдар көп шоғырланатын жерлерге (парктер, тынымбақтар, аялдамалар, жаяу жүргіншілер жолдары), қоғамдық көліктерде күнделікті дезинфекциялау шаралары жүргізілуде. Балалар спорт алаңдары жабылды.
Мемлекет қабылдап жатқан шаралардың барлығы сіздердің амандықтарыңыз бен қауіпсіздіктеріңіз үшін жасалып жатқанын айтқым келеді.

Қадірлі жерлестер, қалыптасқан жағдайда сары алтындай сабырды көңілге демеу етіп, өз отбасыңыз бен туыстарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамын! Жайма-шуақ қалыпты өмірге оралудың жолы – төтенше жағдай тәртібі мен санитарлық тазалық талаптарын сақтау!

Біз қиындықты тек бірлікпен, тәртіппен, бір-бірімізді қолдаумен еңсереміз.
Біз біргеміз!

 А.Шыныбеков, Орал қаласының әкімі 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
74 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
340 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
599 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
838 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
875 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1027 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1222 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1457 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1541 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1652 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1659 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1690 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1695 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1799 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2020 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2327 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»