8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2021 1305 0
Қоғам

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: «АЯЗ БИДІ» БАСШЫЛАР ТҮГЕЛ ОҚЫСА…»

Ақын Ақұштап Бақтыгереева  бүгін, 18 наурыз күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығында өткен басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы өз ойын осылай жеткізді. Жиынға өңірге жұмыс сапарымен келген республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, облыс әкімінің  орынбасары Бақытжан Нарымбетов және зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

  Әбіш Кекілбаев «мүсәпірлік надандықтан шығады» деп айтып еді. Біз қазір надандықтың қай деңгейде екенін жемқорлықтан көріп отырмыз. Кітапханаға келмей, кітап оқымағанның жемісін жеп жатырмыз. 30 жылдың ішінде өз бетімен талпынып оқығандар бар – бізді қуантатын. Жол таппай, діни ағымға еріп, адасқандар бар. Ғасырдың тоғысуы, қоғамның алмасуы бізге ауыр соққы. Сол екі ортада экономика деп, ұлттық идеологиямызды қолдан босатып алдық. Экономика – құстың бір қанаты болса, екінші қанаты – рухани тәрбие мен сана. Осыны біз, жазушылар айттық. Бірақ еститін құлақ болмады. Дүниеге құныққан ашкөздер, «жей берсем екен», «байысам екен», «ала берсем екен» дегендер үлгі болды қалғандарына. Егер сол ұрпақ Аристотельді, ауыз әдебиетімізді оқығанда… 

Ендігі жағдайда кітаханаға келсе деп армандаймыз. Жобаның да негізгі бағыты – осы. Классиканы оқысын. Тым болмаса, қандай кітаптар бар екенін көріп кетсін. «Тамаша» әзіл-сықақ теартының негізін қалаушы, сатирик Оспанхан Әубәкіров бір ғана кішкене сатирасында – бір адамның  тойын өткізу кезінде оны мақтап, әулиедей етіп  жатса, оның бар істеген жұмысы – моншаның директоры екенін жазады. Осындай дарақылықты сол кезде Оспанхан сезді, сатирасы арқылы жеткізді. Түкке тұрмайтын адамды мақтаудың қажеті жоғын білетінбіз, оқу арқылы айыратынбыз. Уақыт өтті. Қазір біз сатирик жазып кеткендей, түкке тұрмайтынды мақтап, оған қол соғатын болдық, әулиелерімізді ұмытып, тапайтын болдық, жақсы сөз айтқанды жау көрдік, жаман үлгі көрсеткенді дос көрдік. Ол – шындық. Осындай жағдайды тоқтататын – кітап, «Аяз би». «Аяз биді» бүгін басшы болып отырған әр азамат оқып, Аяз би өз шапанын еске алғандай, өткенін еске алып отырса жөн болар еді. Кітап оқымағанның кесірі – бұл.

Президентіміздің айтқан сөзі кім-кімнің де көкейіне қонады – «Жемқорды жазалаңыздар және оған ешқандай мейірім болмасын» деді. Ал бізде әлі де халықтың әділетсіз деп сотқа өкпелейтіні, пара алады деп полицияға өкпелейтіні – сауатсыздарға өкпелеуі.

Қазіргі қолға алынған күрес жолы – біздерді қуантады. Парасат жолына бастайтын ұрпағымыз бар. Десе де, сауатсыздықтың көріністері байқалады. Біздің дауысымыз әр азаматқа жетсе екен деймін. Өзін ғана таза көріп, әкімді де басшыны, кіші жұмыс жасап жүргендерді де жемқор көріп тиісетіндер бар. Олардың дәлелмен, тең құқықта сөйлесе алуына бағыт беру үшін кездесулер, лекция оқудың мүмкіндіктері жасалуы керек. Қоғамның санасын бір деңгейге көтеруіміз керек, – деді Ақұштан Бақтыгерейқызы.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
46 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
231 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
271 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
550 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
562 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
688 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
990 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1082 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1108 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1319 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1590 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1816 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1855 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2002 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2200 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»