А.ШПЕКБАЕВ БҚО-ДАҒЫ КӨШІМ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Көшім арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында болды.

Жұмыс тобы Орталық қызметімен, үнемі медициналық және әлеуметтік көмекті, тұрмыстық күтімді қажет ететін, денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі балаларды күтіп ұстау жағдайымен танысты.
Орталық стационар ретінде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалардың тұрақты, тәулік бойы тұруына арналған.
70 орындық мекемеде қазіргі уақытта 54 қызмет алушы бар, оның 16-сы – мектеп бағдарламалары бойынша оқушылар.
Орталықтың 2 корпусында әкімшілік бөлім, 2 асхана, жатын бөлмелер мен 4 орындық жаңадан кліп түскен қызмет алушыларға арналған карантин палатасынан, арнайы физиопроцедура, емдік дене шынықтыру, психолог, логопед, диетолог бөлмелері мен 4 дефектолог мұғалім бөлмесі мен ем-шара бөлмелері орналасқан, әлеуметтік жұмыс мамандары, мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы және шаштараз жұмыс жасайды.
Балалардың бос уақытына арналған спорт залы, сенсорлық, ойын залдары мен еңбекпен емдеу бөлмесі бар.
Сонымен қатар, орталық аумағында монша, кір жуу орны орналасқан, ғимарат аумағы жеміс-жидек ағаштарымен күтіп бапталған.
Жұмыс тобы арнайы әлеуметтік, медициналық қызметтер көрсету барысы мен оңалту шаралары, Орталықтың қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу жағдайын жіті назарға алды.
Тәрбиеленушілерімен әңгімелесу барысында олардың Орталық жұмысына шағымдары жоқ екеніне көз жеткізген Алик Шпекбаев орталық жұмысына оң баға берді.
Көшім арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұжымы, өз кезегінде, Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевқа көрсеткен қолдауы үшін разылықтарын білдірді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу