8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Наурыз 2020 1214 0
Қоғам

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЕҢБЕК ДЕПАРТАМЕНТІ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

2 наурыз күні «ANTIKOR ORTALYGY»-да ҚР ЕжӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің БҚО бойынша департаменті ұжымымен кездесу өткізілді.

Шараға облыстық ақпараттық-насихат Штабының жетекшісі мүшесі, «Ауыл» партиясы БҚОФ төрағасы М.Т.Әнесов, Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.І.Самет, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысты.

М.Т.Әнесов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Н.І. Самет қатысушыларға Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырып, оларды адалдыққа, парасаттылыққа және мемлекет пен халық мүддесіне қызмет етуге шақырды.

Б.М.Хайруллин қатысушыларды 2019 жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа ең көп ұшыраған салалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен таныстырды.

ҚР ЕжӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысы С.Д.Төлегенов Департамент басшылығына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, ұжымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу үшін барлық шараларды іске асыратынын жеткізді.

Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»