8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Маусым 2020 1317 0
Қоғам

Ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшелері Полиция қызметкерлерімен онлайн кездесті

11 маусым күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Ақжайық ауданы Полиция бөлімінің ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Шараға облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі М.Әнесов, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин және Ақжайық ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары Д.Темірғалиев қатысты.

Облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі М.Әнесов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға шақырды.

Өз кезегінде, Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан Республикасының 2019 жылдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасы таныстырылды.

Шара соңында Ақжайық ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары Д.Темірғалиев Штаб мүшелеріне осындай кездесулері үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»