АҒАШТАР ҚҰЛАП, БІРНЕШЕ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ (сурет)
Желдің күшеюіне байланысты Оралда теректер құлап бірнеше адам зардап шекті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15.00 мен 17.00 аралығында жедел жәрдем бөлімшесіне төрт шақырту түскен.
Әбілқайыр хан даңғылы бойында теректің үлкен бұтағы сынып түсіп, автокөліктің үстіне түсті. Салдарынан 1988 жылғы ер адам мен 2003 жылғы қыз бала зардап шеккен. Бұтақтың ұшқындары ер адамның көзіне түскен. Ол облыстық көпбейінді ауруханаға, ал қыз бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Желаевта төбеден шатыр ұшып, 2011 жылғы қыз баланың басына құлаған. Ол қазір қалалық көпбейінді ауруханада.
Назарбаев даңғылы бойында 1950 және 1945 жылғы егде жастағы екі әйел құлаған бұтақтан зардап шекті. 79 жасар әйел адам ауруханаға барудан бас тартқан, ал екіншісі қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.



Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу