8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Мамыр 2021 1575 0
Қоғам

АҒАЙЫНДЫ МАЙДАНГЕР САДЫҚОВТАР

…Олар отбасында алты қыз, үш ұл болды. Әкелері Садық 1927 жылы дүние салып, жағдайлары нашарлап бар тауқымет бір анаға қарады. Сол кездері үй-ішінің жайын оқуда жүріп естіген апалары (үйдің үлкені) ауылға келіп, үш інісі мен бір сіңлісін өзімен бірге Қызылордаға алып кетеді. Балалық, жастық шақтары қиын заманға тап келіп, бірде тоқ, бірде аш өмір кешсе де, қатарларынан озық білім алды. Елге қызмет жасай бастаған кезде, аяқ астынан соғыс басталып, шаңырақтағы үш бірдей азамат бірінен соң бірі майданға аттанды.


Ең үлкені Әнуар отбасылы еді. Ол Орда мектебінде мұғалім болып жүргенде, 1939 жылы әскерге шақырылып, сол жағынан соғысқа кіреді. Әнуар Садықовтың майдан даласында жазған соңғы хаты Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы музей-қорығында сақталған. Хатта: «Імәкә, Гүлжиян, Қанат, Майра. Дендерің сау тегіс жақсы болсаңыздар. Менің де денім сау, өте жақсымын. 4-5 күн болды бір жерде тоқтап демалып жатырмыз. Көп ұзамай басқа жерге жүрерміз. Көп ұзамай Герман фашистерін жойып, жеңіспен елге қайтамыз, жақсылық болса. Мені ойламаңыздар, денім сау …. жақсы. Тек сендерден хат алуды қойдым. Неге хат жазбайсыңдар? Әлде бізді ұмытып кеттіңдер ме? Імәм болмаса басқаларыңның бәріңнің де хат жазу қолдарыңнан келеді ғой. Маған «Қызыл Жұлдыз» беретін болып приказ оқыған, әзірге алғаным жоқ (қолыма). Денім сау жүрсем алам ғой приказ оқығасын. Жоғалмайды ғой. Сендердің денсаулық хабарларыңды Ордадағы іні-қарындастар жазып тұрады. Әйтпесе, сіздің денсаулықтарыңызды естуден де қалған болар едім, сіздің өзіңізден хат күткен уақытта. Өйткені сіздің хат жазуға қолдарың тимейді. Хош сау болыңыздар. Інілік сәлеммен Әнуар. 13.04.45 жыл» – деп жазылыпты.

Көп ұзамай сол жылы 26 сәуірде азаматша Жұпар Бекесоваға күйеуі – аға телефонист, ефрейтор Әнуар Садықовтың Отан қорғау жолында 1945 жылы 20 сәуірде ерлікпен қаза болып, ол Грайфенхоген (Германия) тас жолының оң жағындағы Вольтин қыстағында әскери құрметпен жерленгені туралы қара қағаз жіберіледі. Артынша 2 қазанда дала почтасы арқылы Жұпарға Әнуар Садықовтың майданда әскери тапсырмаларды үлгілі орындағаны және неміс басқыншыларымен соғыста ерлік көрсеткені үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталғаны жөнінде анықтама келеді. Құжат отбасына заңда көрсетілген жеңілдіктерді пайдаланып, жергілікті өкімет орындарына тапсыру үшін берілген. Есіл ер Ұлы Жеңіске 18 күн қалғанда майдан даласында оққа ұшып, туған жерден жырақта көз жұмады.

Садықовтардың ортаншысы Нұри туралы 2016 жылы 21 маусымда «Орда жұлдызы» газетіне тарихшы-өлкетанушы Амантай Хамзиннің «Қамал Қаһарманы ордалық Нұри Садықов» атта мақаласы жарық көрді. Онда жасынан алғыр болып ер жеткен Нұридің мұғалімдер училищесін үздік бітіріп, 19361937 оқу жылында Алматыға таяу Есік қаласындағы орта мектепке мұғалім болғаны, ҚазПи жанындағы мұғалімдер институтының физика-математика факультетін қызыл дипломмен бітіріп, әскерге алынғаны жазылады. Қайран боздақ қаһарлы соғыстың алғашқы күнінде қаһарман Брест қамалында ерлікпен қаза табады.

Нұри Садықовпен әскерде бірге болған Александр Аникин деген қарулас жолдасы 1985 жылы: «Мен Садықов Нұримен 1940 жылдың ақпан айынан 1941 жылдың 22 маусымы аралығында миномет батареясының 125-атқыштар полкінде бірге қызмет еттім. Нұри жолдастарының ортасында көңілді әрі көпшіл, әрқашан көмекке дайын болды, батареядағы қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысатын. Әскерден босаған соң білім беру ісімен айналысып, отбасын құрып екі ұл мен қызды болуды армандады. Алайда бұл армандары орындалмады. Ол 22 мамырда қамал маңындағы қару-жарақтар қоймасында жаралыларға көмектесу кезінде көз жұмды» деп еске алады. (мәлімет ғаламтордан алынған).

Нұри Садықов құрамында болған, 125-ші атқыштар полкі миномет батареясының миномет расчетының командирі сержант Владимир Иванович Фурсов «Өліспей беріспедік» (Стояли насмерть) деген естелігінде толассыз шабуылмен өткен он бір сағат ұрыста көптеген жауынгердің ерлікпен қаза тапқанын жазады. Оның ішінде жерлесіміз Нұри Садықовтың да есімі аталған. В.Фурсовтың бұл естелігі 1964 жылы Н.Шаховтың «Казахстанцы защитники Брестской крепости» деген жинағына енген. Тағы бір айта кететін жайт, музей қорында 1983 жылы 28 қыркүйекте Брест қамалы қорғаныс музейінің аға ғылыми қызметкері Галина Николаевна Зваричтің жазған қуанышты хабарламасы сақталған. Онда қатардағы жауынгер Садықов Нұридің 1941 жылы 22 маусымда Брест қамалында қаза болып, оның есімі қаһарман Брест қамалы мемориалдық кешенінің мәрмәр тақтасына жазылуға рұқсат етілгені жөнінде хабарлаған. Сондай-ақ, жауынгердің өскен ортасы туған жері, ата-анасы, оқыған мектебі жөнінде толық мәлімет беруін сұраған. Бұл хат соғыстан аман-есен оралған ағайынды Садықовтардың кішісі Рүстемге жазылған. Елге қайтпаған ағалары туралы талмай іздеу жұмыстарын жүргізген Рүстем Садықов «Қызыл Жұлдыз» иегері атанған Әнуар мен Брест қамалының қаһарманы Нұри туралы деректерді жинақтап тауып, 1984 жылы музей қорына тапсырған.

Ал Рүстем Садықов майданға Ордадан 1942 жылдың мамырында аттанады. Камышин қаласында әскери жаттығудан өтіп, 14-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында Сталинград, Новороссийск қалаларында, 82-мм миномет ротасында нысанашы болып Дон даласындағы ұрыстарға қатысады. Ауыр ұрыстарда жараланып, госпитальға түсіп, әуелі Аткарск, кейін Татищев қалаларында ем алып жатқанда іріктелген бір топ жігіттермен бірге Солтүстік Осетиядағы Орджоникидзе қаласына әскери училищеге оқуға жіберіледі. Бұл 1943 жылдың бас кезі болатын. Оқуы, әскери сабақ үлгерімі талапқа сай болса да, жас сарбаз басшылықтан рұқсат алып, қайтадан соғысқа аттанады. Аға сержант Рүстем Садықов 33-ші артбригаданың 318-ші танкіге қарсы артполкінде 122 мм артиллериялық зеңбірек расчетының командирі болды. Ол Украина жеріндегі ұрыста қатты контузия алып, оң жақ қолынан жараланып, Харьков госпиталында ем алады. 1944 жылдың мамыр айында қайтадан майданға келіп, даңқты қолбасшы Х.Багремян басқарған Прибалтика
майданында, кейін Г.Жуков басқарған бірінші Украина майданының құрамында жауды өз ұясында талқандауға қатысты. 2-ші батареяның орудия командирі сержант Рүстем Садықов 1945 жылы 5 наурызда Германияның Штангер облысындағы болған шабуылдаушы шайқастарда жауға қарсы тойтарыс беру кезінде жаудың «Тигр» танкісін, екі пулемет нүктесін, 8 немістің көзін жойып «Ерлігі үшін», кейін «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен, Жоғарғы басқолбасшының көптеген алғыс грамоталарымен марапатталады.

Соғыс аяқталған соң туған жерге аман-есен оралған жауынгер, білім беру ісімен айналысып Орда мектебінде мұғалім болады.

Ол білімін жетілдіру мақсатында 1952 жылы Қызылордадағы Мемлекеттік оқытушылар институтында жаратылыстыру және география мамандығы бойынша білім алады. Әріптестеріне, шәкірттеріне, еліне қадірлі азамат 1962 жылдары отбасымен Алматы қаласына көшіп, 1969 жылы Абай атындағы педагогикалық институтты аяқтап, зейнет демалысына шыққанша ұстаздық қызметін жалғастырады.

Майдангер Рүстем Садықовтың зайыбы Маржан Хайретдинқызы Ордада бастауыш сыныптарға сабақ берген. Жеті перзентті өмірге әкеліп, отбасының шырағы болған аяулы жар, ардақты ана 1999 жылы 16 қыркүйекте дүниеден өтсе, майдангер ұстаз Рүстем Садықов та сол жылы 78 жасында дүние салады.

Бүгінде Алматы қаласында тұратын Рүстем Садықовтың ұрпақтары жеңіс сарбазының құжаттары мен орден, медальдарын көздерінің қарашығындай сақтап, немере-шөберелері аталарының ерлігін мақтан етеді.

Мира КУТУШЕВА, Батыс Қазақстан облыстық Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралықэтнографиялық музейқорығының ғылыми қызметкер

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
47 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
265 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
756 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1133 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1065 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1493 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2109 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2276 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2283 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2331 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2337 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1980 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2816 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2873 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2866 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3476 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3448 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3434 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3412 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3576 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3622 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»