8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Шілде 2019 1882 0
Өзек

БАЛА ЕҢБЕГІ ҚАНША ТҰРАДЫ?

Жаз маусымындағы кәмелетке толмағандардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және олардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2019 жылғы 26 шілде – 1 тамыз аралығында мүмдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың өкілдерін тарта отырып, республика аумағында «Жұмыспен қамту» акциясы өткізілуде. Акция аясында 30 шілдеде Орал қаласы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды топтың инспекторлары қала көшелерін аралап, арнайы рейдке шықты. Жай ғана бір шолып өту, қарапайым  тексеріс емес, жаз мезгілінде бала еңбегін пайдаланушыларды анықтап, олармен түсінік жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, бала еңбегі қанша тұрады? Жасөспірімді жұмысқа алушылар заң талаптарын сақтап жүр ме? Жасөспірім неше сағат қызмет көрсетеді? Жұмыс беруші мен баланың заңды тұлғасы арасында еңбек келісім шарты толтырылған ба? т.б.   түрлі  сұрақтарға жауаптар іздеді.

Рейдке шыққан инспекторлар тобы отырған полиция көлігі Желаев ауылына баратын күре жол бойына тоқтады. Себебі, 29 шілдеде кешкі сағат 18.30-дан кейінгі рейд кезінде осы тұста қауын-қарбыз сатып, ауыр жүк көліктері үстінде жұмыс жасап жүрген жасөспірімдер көп кездескен екен. Жол бойы қауын-қарбыз сатушылар мен көлік жуатын орындардан тұнып тұр. Иә, біреуі қарбыз-қауын сатуға көмектесуде, туған ағама көмектесемін ғой, жаздай жинаған ақшама қыркүйек қарсаңында киім, портфель, дәптер мен қалам аламын, өзімнің табысым тәтті деп жалтарады. Енді бір жасөспірім қыз бала квас сатып отырғаны. Квас ұсынушы өрімдей қыз баламен мектеп инспекторлары сөйлесті, сұрақтарына жауаптарын алды. Ал квас алушы әйелдер мен ересектер бұл қызға тимеуімізді өтініп, квасының салқын әрі дәмді екені айтып жақтап барады. Сата берсін, бізге квасы ұнайды, күнде сатып аламыз деп кейбірі қасымызға келіп бәйек болуда. Балаларды жұмысқа қабылдаған кәсіпкерлермен Орал қ.ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды топтың аға инспекторы полиция майоры Мадина Құспанова жеке сөйлесіп, бірнеше сұрақтарын қойды. Заң баптары мен талаптарын түсіндіріп еңбек шартын талап етті.

Баланы еңбекке баулып өсірген дұрыс. Бірақ баланы жұмысқа алушылар қажетті заң талаптарын сақтап жүр ме? Баланың құқығы тапталмай, жалақысын уақытылы алып отырғанына сенесіз бе? Тексеріс барысында осы мазмұндағы бірнеше сауалдарға жауаптар табылды. Полиция қызметкерлері бірнеше деректерді анықтап отыр.Орал қаласында жүргізілген жедел профилактикалық іс шарасы аясында қаланың өзінде баланың еңбегін заңсыз пайдаланушылар көп екендігі белгілі болды. ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес балалар 14 жастан бастап жұмысқа орналаса алады. Бірақ тиісті ескерілуі керек ережелер бар. Мәселен, 14 жастан 16 жасқа дейінгі балалар аптасына 24 сағат қана жұмыс жасауы керек. Яғни, оларды күніне 2-3 сағаттан артық жұмсауға болмайды. Ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар 36 сағат жұмыс жасауы керек. Бұл жаста баланы күніне 3-4 сағат еңбекке араластыруға болады.

Инспекторлар «Ел ырысы» базарына қарай жүріп, тастақ жол жиегін шолып өтті. Күннің ыстығына қарамастан таңдайыңды жібітер лимонад пен бал үйіретін мұздай мұздақ сатып отырған балалар да бар. Олар да осы рейд барысында анықталып, қаланың бірнеше ауданынан кездесті. Көшеде тәтті сусындар, балмұздақ сатып нәпақа тауып жүргендер күні бойына тұрады. Көлік жуу орындарында да мектеп оқушылары өріп жүр. Ал оларды жұмысқа алушылар баланың заңды өкілімен келісімшарт жасауы тиіс. Баланы жұмсайтындар еңбек келісім шартын да жасамайды, бала арзан жұмыс күші. Негізі заң бойынша 14-16 жастағы балалар 3-4 келіден артық көтермеуі керек. Оларды ауыр жұмысқа жегуге болмайды. Бірақ бір-біреуі 15-18 келі тартатын қарбыздарды балалар тасып жүр. Рейд барысында осындай заң бұзушылықтар көп анықталды. 18 жасқа толмаған балалар жаз бойына қарбыз-қауын сатады. Құрылысқа араласады.

– Әлбетте, жұмыс берушілер еңбек шартына мән бермейді. Шарт жасалмаған кәсіпкерлер туралы мәліметтерді жинақтап, облыстық еңбек инспекциясына жолдаймыз. Әрмен қарай, еңбек инспекциясы жұмыс берушілерге айыппұл  салады.  Акцияның алғашқы 3 күні ішінде бала еңбегін заңсыз пайдаланған 25 дерек анықталды. Бұл тек үш күннің нәтижесі. Рейд пен акция барысындағы тексерістер жалғасады, – дейді полиция майоры Мадина Құспанова.

«Жұмыспен қамту» акциясы барысында полиция органдарының есебінде тұрған және қолайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмағандарды қаланың сыртындағы жазғы және мектеп жанындағы лагерьлерге, спорт секцияларына қатыстыру көзделген. Есепте тұрған 42 жасөспірім, қолайсыз отбасындағы тәрбиеленуші 88 жасөспірім қала сыртындағы жазғы лагерьлерде демалды. Мектеп жанындағы лагерьге полиция басқармасында есепке қойылған 49 бала, қолайсыз отбасында тәрбиеленіп отырған 67 бала қатысты. Спорт секцияларына 74 бала қатысуда. Акция барысында мектеп инспекторлары қолайсыз отбасыларын да аралап, лагерьге бармай немесе қамтылмай қалған жасөспірімдерді анықтады.

Гүламан Исмағұлова,

Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
71 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
143 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
372 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
855 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1233 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1139 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1592 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2208 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2372 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2380 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2431 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2435 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2054 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2915 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2969 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2963 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3576 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3544 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3535 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3511 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3671 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»