ҚАЖЫЛЫҚҚА 3200 КВОТА БӨЛІНДІ
30 шілде күні қажылыққа ниеттенген қазақстандықтардың азаматтардың алғашқы тобы Шымкент және Ақтау қалаларынан Сауд Арабиясына сапар шегеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алыңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлім етті.

«Биылғы қажылық маусымы осы айдың 30-ынан басталады. Биылғы қажылыққа бару бойынша Сауд Арабиясы тарапынан біздің 3200 азаматымызға квота берілді. Осыған сәйкес Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қазақстандықтарды қажылыққа дайындап жатыр», – деді Ержан Нүкежанов.
Қажылыққа Екі әуе компаниясы алып барады. Ол Сауд арабиясы тарапынан берілген «FlyNas» компаниясы және Қазақстан тарапынан отандық «Scat» авиакомпаниясы. Алып бару принципі 1600 адамнан іске асырылады.
Сондай-ақ, Дін істері комитетінің төрағасы арнайы қажылық миссия құрылғанын айтып өтті.
«Арнайы қажылық миссияға біздің комитеттің өкілі, сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері енгізілді. Өйткені қажылық сапар кезінде ұйымдастырушылық немесе денсаулық тарапынан бір мәселелер туындап жатса, сол кісілер Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен бірге осы мәселелерді шешетін болады», – деді Ержан Нүкежанов.
Е.Нөкежанов жыл санап қажылыққа баратын қазақстандықтардың саны артып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, 1990 жыл мен 2019 жылдар арасында қазақстандықтарға Сауд Арабиясы тарапынан 56 635 қажылық квота бөлінген. 1990 жылы 50 квота берілсе, бүгінде 3200 квота бөлініп отыр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу