8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Шілде 2019 2061 0
Өзек

ЕКІ КҮНДЕ ҮШ БАЛА СУҒА КЕТТІ

Батыс Қазақстан облысында екі күн ішінде үш жасөспірім суда көз жұмды. Бұл туралы БҚО ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.

Атап айтқанда, 10 шілде күні сағат 21.19-да Қаратөбе ауданы Жалпақтал ауылы маңайында орналасқан Қараөзен өзенінде жергілікті тұрғындар сол күні сағат 21.00-де рұқсат етілмеген жерде суға шомылып, салдарынан суға батып кеткен 2013 жылы туған баланың денесін тауып, судан алып шықты.

11 шілде күні сағат 16.12-де Орал қаласы Жайық өзені Елизаров көшесі бойында суға шомылуға тыйым салынған белгісі орнатылған, яғни суға түсуге тыйым салынған орында 2 бала суға батып кеткен. Олар –  2008 жылғы ұл бала мен 2006 жылы туған қыз бала. Сағат 16.52-де БҚО ТЖД «ЖҚЖ» ММ-нің 8 қызметкері, 2 жүзу құралы және 2 бірлік техникасы қыз баланың денесін тауып судан алып шықты. Сағат 18.55-те ұл баланың денесі табылды.

Облыста судағы өлім стастикасы да азаймай тұр. Төтеншеліктердің мәліметінше, 2019 жылдың суға шомылу маусымы басталған уақыттан бері 24 адам суға батып кеткен, соның жетеуі бала. Өткен 10 жылдың ішінде 270-тен астам адам суға кетсе, соның 70-тен астам балалар.

 

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
291 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
279 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»