БҚО ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕ ТАРАТЫЛАДЫ
Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен жүздесті. Шараға БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, қоғамдық келісім мүшелері, аналар мен ақсақалдар кеңестері, ғылыми-сараптамалық топтар мен Ассамблея кафедрасы, медиаторлар, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өкілдері қатысты.

– Халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау – баршамызға ортақ парыз. Казіргі таңда облыстық Ассамблея белсенділік танытып, әр салада жұмыс атқаруда. Алдымызда көптеген мәселелер тұр, соның ішінде ең бастысы халықтың әл-ауқатын жақсарту, өзекті сұрақтарына жауап беру және олардың шешу жолдарын табу. Осындай игі істер арқылы халықтың сенімін ақтау. Бұл жұмыста біз Ассамблеяның рөлін күшейтіп, оның өзекті мәселелерін шешуге атсалысуына жан-жақты жағдай жасауымыз керек. Республикалық Ассамблея кеңесінің отырысында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы жоғары бағаланды, біздің тәжірибеміз республикалық деңгейде таратылмақ. Бұл орайда әрқайсыңыздың еңбегіңіз өлшеусіз. Бүгінде Ассамблея тек мәдени-бұқаралық шараларды ғана емес, қоғамдық-саяси жұмыстарды да белсенді атқарып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау салтанатында «Билік халық алдындағы уәдесін орындауы керек. Оның басты миссиясы осымен айқындалады. Еліміздегі ұлтаралық бірлік пен тұрақтылықты осылай ғана сақтауға болады» деген болатын. Біріншіден, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі этномәдени бірлестіктердің мүмкіндігін кеңейтті. Этномәдени бірлестіктердің мәртебесі мен рөлін көтеру мақсатында бұл алғаш рет заң шеңберінде бекітіліп, аккредитация өткізілді. Этномәдени бірлестіктің әр басшысы өз қоғамының мүшелерін білуі тиіс. Мүмкіндігінше, оларды қамқорлығына алып, көмектесуі қажет. Мәселелерінің шешілуіне атсалысып, қоғам алдында жүйелі түрде есеп беріп отырғаны жөн. Этномәдени бірлестіктердің сапалы және мазмұнды жұмысы – бұл Ассамблеяның рөлі мен беделін арттырудың кепілі, әр жетекші мұны ескеріп, Қазақстан алдындағы патриоттық борышы ретінде сезінуі тиіс. Біз Ассамблея мүшелерінен қоғамды дамытуда келелі әрі іскерлік ұсыныстар күтеміз, – деді жиында сөз алған өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы. Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов ағымдағы жылы БҚО КХА жұмысы республикалық деңгейде жоғары бағаланғанын атап өтті. – Біздің Ассамблеяның тәжірибесін ел көлемінде кеңінен насихаттау туралы шешім қабылданды. БҚО ҚХА мүшелері Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккен ағайынға 1 млн. 800 мың теңге көмек жинады. Әлі де киім-кешек, қажетті заттар жиналуда. Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі, кәсіпкер Анвар Агаев бір миллион теңге аударды. Қираған үйлерді қалпына келтіру үшін, құрылыс бригадасын көмекке жібермек, – деді Ғайса Хамидоллаұлы.
«Ағайын» қазақ этномәдени бірлестігінің төрағасы Мақсот Берген: – Ассамблея қызметінің нәтижесінде елімізде әр азаматтың құқықтары мен этносаралық құндылығы қалыптасты. Биыл БҚО ҚХА Ассамблеясы жанынан «Ағайын» қазақ этномәдени бірлестігі құрылды, – дей келіп, елдігімізді айшықтауда бірлестіктің атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталды. Ал БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина аналар кеңесінің жұмысына тоқталды.
– Өңірімізде 157 аналар кеңесі жұмыс жасайды. Оның біреуі облыстық, біреуі қалалық, 12-сі аудандық, қалған 143-і ауылдық кеңестер. 1229 ана осы кеңестің мүшесі. Жыл басынан бері 221 іс-шара өткізілді. Аналар жұмысының негізгі мақсаты – отбасындағы тәрбие. Ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау. Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесіндегі ананың, әкенің рөлін көтеру, жастарды жарасымды отбасылық өмірге даярлауға көмектесу. Біз жастармен жұмысқа көбірек көңіл бөлеміз. Өкінішке орай, қоғамда болып жатқан көптеген келеңсіз жағдайлар бар. «Үйлену оңай, үй болу қиын». Статистикаға көз жүгіртсек, соңғы кезде шаңырақ көтергендердің 61,4 пайызы ажырасқан. Осы уақытқа дейін бұл көрсеткіш 33-37 пайызды құраған еді. Бұл жағдай бізді қатты қиналтады, – деген Шалқыма Хайроллақызы бүгінде отбасындағы тәрбие төмендеп кеткенін айтып дабыл қақты. Қазақ әйелі әуелі от анасы екенін баса айтқан ол алдымен аналардың рөлін көтеруде Аналар кеңесінің жұмысына қолдау керегін жеткізді.
Жиында көтерілген сан түрлі мәселелер қаперге алынып, тиісті шаралар қабылданатын болды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу