8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 3037 0
Қоғам

Жазушының есімі жаңғырды

Кеше Жайықтың жақсылары жайдарлы сәтке куә болды. Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, қазақтың көрнекті жазушысы Хамза Ықсанұлы Есенжановтың есімі ресми түрде, салтанатты жағдайда берілді. Осыған орай, «Арманың үндес еді Ақжайықпен» атты шырайлы шараны  «Нұр Отан» партиясының өкілдері, жергілікті қаламгерлер, ұлт мақтаныштары көпшілікпен бірге бөлісті.

Аталмыш кітапханаға Хамза Есенжановтың есімін беру туралы ұсыныс 2006 жылы ардагерлер мен зиялы қауым тарапынан түскен болатын. Өңірдегі ономастикалық комиссия да бұл мәселеден бей-жай қалмады. Көп жылдардан А.Гайдар атын иеленген рухани ғимарат бертін келе «ел аузында» қаламгер Хамзаның есімімен аталып та кетті. Енді міне, 2016 жылдың 20 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен «Батыс Қазақстан облысы  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының А.Гайдар атындағы БҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдерге арналған кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. Осынау қуанышты құжатты шара басталған бойда кеш жүргізушілері жиналған жамағатқа оқып берді. Қызыл­-жасыл шарлармен  безендірілген шаңырақ іші шаттыққа толып, қазақы дәстүрмен шақырылған қонақтар сары бауырсақтан ауыз тиіп, жазушысын ұлықтаған кітапхана ұжымына, білікті басшы Зібайда Бисенқызына ризашылықтарын білдірді. Дәлізде «Қайсар талант арқалаған нар сенім, ұмытпайтын ұрпақтарың бар сенің» атты әдеби­, бұған қоса фото көрме жасақталды. Кеш шымылдығы Ақұштап Бақтыгерееваның «Хамза Есенжановқа» арналған өлеңімен түрілді. Оралдағы №6 «Шолпан» балабақшасының бүлдіршіндері жырдан шашу шашты. «Сарыарқа» күйімен әуелеген кешті облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, күйші Дәулеткерей Құсайынов жылы лебізбен ашты.  ­ ­

– Ардақты ағайындар, бүгінгі жүрек тебірентерлік оқиғаның басы­-қасынан зиялы қауымды, журналистерді, кітапханашыларды көру үлкен ғанибет. Бұл тарихи оқиға.  Республикаға әйгілі әрі байырғы бұл кітапханаға Хамза есімін беру жөнінде осы ұжым қызметкерлері үлкен еңбек сіңірді, – деп қыруар құжаттар жинастырып, оны Әділет министрлігі арқылы заңдастырып, біраз тер төккен көзайым кітапханашыларға шынайы ықыласын білдіріп, сөзін әрі қарай  сабақтады.

– Адамның таңдай алмайтын дүниелері көп шығар. Соның үшеуін адам өзі таңдай алмайды.  Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасын» білесіздер. «Тілім таңдайыма жабысып қалады» дейді. Сол сияқты адам өзінің атын таңдай алмайды. Кімнің-кім болғысы келмейді? Ата-ананы, туған жерді таңдай алмайды. Әйтпесе, есін жинаған кезде кімнің қай жерді таңдағысы келмейді. Тағдырың таңдай алса, кімнің қай заманда, қандай дәуірде өмір сүргісі келмейді? Бірақ қазақ болып туып, Батыс Қазақстан облысында өріп, аласапыран заманда қиындықтарды бастан кешіріп, адам болып қалу ­– ерліктің ерлігі!  Сондықтан бүгінгі той батырдың тойы! Біз осының қадірін білуіміз керек. Хамзадай жазушының есімін білдей кітапхана еншілеп жатқанда, Үкіметіміз Елбасы саясатын қолдап жатқанда өткен замандар, сұрапыл соғыстар, оқиғалар  қайталанбасын, адамдар бауырмал болып, бір-бірін сүйіп өссін, туған жерге адал қызмет жасасын дегім келеді. Біз, «Мың өліп, мың тірілген халықпыз, соның ұрпағымыз». Енді қазақты ауыр тағдыр сынай көрмесін. Біз кім екенімізді ата-бабалар қанымен, зиратымен дәлелдегенбіз,­ – деп пайымы терең ойлар айтқан Дәулеткерей Атауұлы дәл осы жақсылықты жазушының ұлы Әлиханның да аңсап өткенін жасырмады. Сондай-ақ  2006 жылдан Хамза Есенжановтың есімін қуаттап талай дәрісханаларда, мінбелерде ұсыныс-пікірлер айтылып, жарыса жазылғанын, сондықтан бұл ортақ игі-іске көздері жасаурап зиялы қауым қуана келгеніне тоқталды. «Мәңгілік ел» құрып жатқан елімізде өнердің өміршең болуын тіледі мәдениет саласының басшысы.

Бұдан соң Астана мен Алматы қалаларынан келіп жеткен құттықтау жеделхаттар оқылды.  Танымал тұлға, Хамза Есенжановтың немере інісі, биология ғылымдарының докторы, академик, профессор Айтқожа Биғалиұлы мен жазушының немересі Хакім Есенжанов, ғылым кандидаты, келіні  Дина Әнесқызы  осындай игілікті іс атқарған облыс басшысы Алтай Сейдірұлы Көлгіновке және кітапхана ұжымына ризашылықтарын білдіріпті.

Әдеби мұрасы халық жүрегінде сақталған қаламгердің құрметіне М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың бір топ студенттері «Ақжайық» трилогиясының «Төңкеріс үстінде» тарауынан сахналық көрініс қойды.  Сондай-ақ жазықсыз жараланған жазушының  зайыбы Софияға жазған үшбу хаттарынан сыр шертілді. Өлкедегі ақындар  Айтқали Нәріков пен Мұнайдар Балмолда арнау жырларын оқыса,  Ғайсағали Сейтақтың «Сарыөмірде мәңгілік бір ғұмыр бар» атты өлеңін студент-жастар  жатқа айтты.  Жазушының ғибратты өмірін зерттеп, жинақ шығарып жүрген белсенді азамат, БҚГА аға оқытушысы Сайлау Сүлейменов қаламгердің жанұясы туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті. Белгілі әнші Еркін Өтегеновтің орындауында «Ақ Жайық –ару мекенім» әні де шырқалды. Тартымды, әсерлі кеш соңында Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Зібәйда Өтешова барша қонақтарға, студенттер мен мектеп оқушыларына шексіз алғысын жеткізді.

Сонымен, көзі тірісінде Мұхтар Әуезов «Ақ Жайық» романы еуропа үлгісімен жазылған біздегі бірінші роман» деп зор баға берген, академик Зейнолла Қабдолов «қайсар қаламгер» деп сипаттаған Хамзадай аяулы тұлғаны иеленген кітапхана бұдан былай жазушының есімін жаңғыртып, рухын ұлықтай бермек

Мира ХАМЗАҚЫЗЫ,
суретке түсірген
 Дәурен ТӨЛЕУТАЕВ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
137 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
172 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
420 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
902 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1280 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1168 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1638 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2256 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2420 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2428 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2480 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2483 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2083 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2962 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3015 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3009 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3624 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3591 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3582 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3557 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3718 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»