«Родниктің» суына сұраныс жоғары
Қазіргі таңда нәзік жандар басшылық ететін компаниялар жетерлік. Бір ерекшелігі, нәзік жандар нәтижеге қол жеткізгіш, іскерлік дағдылары қалыптасқан, басқарушылық әдістерді меңгеруге қабілетті болады. Ең бастысы, олар өз сөзін, іспен дәлелдей алады. Сондай жандардың бірі – батыс аймағына «Uralsk Spring» Кристальная» маркасымен танымал табиғи ауыз су шығаратын ең ірі зауыттың табысты басшысы, Орал қалалық мәслихатының белсенді депутаты Лилия Хайруллина.
Тұтынушылар сеніміне ие
Лилия Маратқызы кез келген жағдайда әр сөзіне сенімді жан, өзінің кәсіби міндетін жоғары деңгейде орындайды. Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарынан алған орасан зор жұмыс тәжірибесін Орал қаласында табысты енгізіп келеді. Оның еңбексүйгіштігі, сүйікті ісіне шын берілген адалдығының нәтижесінде бүгінде «Uralsk Spring» Кристальная» тауарлық белгісіне ие «Родник» ЖШС су нарығында Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында ғана емес, Қазақстандағы бөтелкедегі табиғи ауыз су шығаратын, тасымалдайтын үздік компаниялардың көшін бастап келеді. Күні бүгінде компанияның әр түрлі өнімдері бірінші санатты сапалы «Uralsk Spring» Кристальная» маркасымен 19, 5 литрлік газдандырылмаған, 1,5, 1, 0,5 литрлік газдандырылған/газдандырылмаған бөтелкелермен таратылуда.
Серіктестік «Uralsk Spring» Кристальная» тауар белгісіндегі табиғи ауыз суды ғана өндірмейді, демалыс, мереке күндеріне қарамастан, апта бойы Орал, Ақсай, Атырау қалаларындағы кеңселер мен үйлерге суды тегін жеткізеді. Чинарев, Тенгиз кен орындары жұмысшылары да өз таңдауларын «Uralsk Spring» Кристальная» суына жасаған. Тұтынушыларға қолайлы болуы үшін компанияда суға тапсырыс берудің тиімді әдістері қарастырылған. Мәселен, телефон, автожауапбергіш, мобильді қосымша көмегімен, WhatsApp/Viber, Instagram, Facebook әлеуметтік желілері арқылы да кез келген уақытта тапсырыс жасай аласыз.
«Родник» ЖШС-ның басты жетістігі – 17 жыл бойына сапасының сынға ілікпеуі. Бұл тұтынушылар санын өсіріп қана қоймай, әр сатып алушының сеніміне ие болуға мүмкіндік береді. Лилия Маратқызының басшылығымен 2015 жылы өңіріміздегі су өндіретін ірі зауыттың құрылысы пайдалануға берілгенін атап өтпеске болмас. Жаңа кешен заманауи құрылғылармен, 19 литрлік бөтелкені жуатын арнайы машиналармен, химиялық-бактериологиялық зертханамен жарақтандырылған. – Негізгі мақсатымыз – қазақстандықтардың үнемі салауатты өмір салтын сақтауына ықпал ету. Мінсіз сервистің көмегімен әр үйге қызмет етеміз. Осылай әр адамның уақытын, күшін үнемдеп, көпшіліктің түзде де, үйде де мүмкіндіктерін толықтай жүзеге асыруына ықпал етеміз, – дейді компания басшысы.
Білікті басшы кәсіби ұжымның үйлесімді жұмысы, технологияларды жетік меңгеруі, тұтынушыларға қызмет көрсетудегі сапаның жақсаруы арқасында компанияның алдында тұрған барлық міндеттерді бағындыратынына бек сенімді.
Жүрегі жомарт кәсіпкер, белсенді депутат
Лилия Хайруллина, міне екі жылдан бері №18 округ бойынша Орал қалалық мәслихатының депутаты. Осы уақыт аралығында депутат сайлаушылары үшін біраз жұмыстар атқарды. Чуйков, Гастелло, Көкшетау көшелеріне халық қалаулысының ықпалымен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы Ватутин 53, Матросов 52, 56, Чайкин 18 үйлерінің аулаларына жөндеу жұмыстары жасалған. Сондай-ақ әзірге балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол алаңы, спорттық құрал-жабдықтар, әткеншектер, сырғанақтары бар бір спорттық алаңқай Әбілхайыр хан 91/1, 91/2-үйлерінің ауласынан салынған.
Лилия Маратқызы округтің абаттандырылуына аса мән беріп қана қоймайды, ол сонымен қатар жүрегі жомарт меценат. Ол округіндегі зейнеткерлерге, ардагерлерге, №16 орта мектеп ұжымына, №5 Сәуле бөбекжайына көп көмектеседі, олардың үнемі таза сумен қамтылуын бақылауына алған. Әр ай сайын «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне депутаттың қабылдауына келген жандар риза болып қайтатынын көріп те жүрміз. Біріне моральдық қолдау көрсетсе, енді біріне материалдық көмек беруге дайын тұрады. Сайлаушыларымен кез келген уақытта кездесіп, қол ұшын созуға дайын.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
хорошо