8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2019 1961 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАЗГИДРОМЕТ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАТЫСТЫ БОЛЖАМДЫ ЖАРИЯЛАДЫ

«Қазгидромет» РМК су тасқынына қатысты болжамын жариялады.
Мекеме басшысы Марат Кынатовтың айтуынша, бүгінде бірқатар облыстарда су көлемі артығымен жиналып қалды. Атап айтқанда, Қарағанды облысында Нұра мен Кеңгір өзендерінде, Ақмола облысында Есіл мен Шағалыда, Солтүстік Қазақсанда Есіл өзенінде, Қостанай облысында Тоғызақ пен Торғайда, Ақтөбе облысында Қосістекте, сондай-ақ, Батыс Қазақстанда Утва, Чижа-2, Дерқұл мен Шаған өзендерінде судың нормасы 120-170 пайызға артық болып тұр. «Әсіресе, Батыс Қазақстан ерекше бақылауға алынды. Ол жақта судың жиналу көлемі нормадан екі есеге артық, ал өткен екі жылмен салыстырғанда екі-үш есеге көп болып тұр», – деді М.Кынатов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, қазірдің өзінде Қарағанды облысында Самарқанд пен Кеңгір су қоймалары 73-82 пайызға, Солтүстік Қазақстанның Сергеев қоймасы 94 пайызға, ал Шығыс Қазақстандағы Шүлбі қоймасы 89 пайызға толып тұр. «Сол себепті аталған су қоймаларына құйылатын өзендерде су тасуы қаупі бар», – деп атап көрсетті М.Кынатов.
https://www.inform.kz/kz/kazgidromet-su-taskynyna-katysty-bolzhamdy-zhariyalady_a3507143

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
287 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»