МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСТАРЫ ТОҚТАТЫЛДЫ
Мектептерде физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді курстар арқылы даярлау тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде еліміздің мектептерінде физика, химия, биология және информатика пәндерін 11 мың мұғалім ағылшын тілінде беріп отыр. Олар алдымен 3 айлық, кейінен 8 айлық тіл курсында білім алған.
«Келесі жылдан бастап мұғалімдерді айлық курстан өткізетін қаржыны педагогикалық ұйымдарға жұмсайтын боламыз. Яғни, педагог мамандардың университет қабырғасынан тіл меңгеріп шығуына бағыттаймыз. 2016 жылы алғаш рет ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерді дайындауға мемлекеттік тапсырыс берілді. Алғашқы 1200-ге жуық түлек 2020 жылы бітіреді. Сондықтан мұғалімдерді оқыту курстары тоқтатылды», – деді ол.
Оның айтуынша, балаларды үш тілде оқыту біртіндеп, мұғалімнің және мектептің дайындығына байланысты жүргізіледі.
«Бұл жерде «алдыға жан салмай проблеманы шешеміз», деп жүгіріп бара жатқан ешкім жоқ. Рет-ретімен жасаймыз», – деді Күләш Шәмшидинова.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу