«ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ»
Бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында дәл осындай тақырыппен облыстық аналар форумы өтті.

Форум екі бөлімді қамтыды. Алғашқы бөлімінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебің, қаладағы №32, 37 орта мектептер мен жаратылыстану-математика бағытындағы №41, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейлерінің «Әжелер», «Аналар», «Қыздар» клубтарының іс-тәжірибелерінен шеберлік сыныптар, психологиялық тренигтер, «Ана бақыты – бала» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ал түстен кейін форум облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның қатысуымен облыстық қазақ драма театрында жалғасты. Форумды ашқан облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова шараның мақсаты – тіршіліктің алтын арқауы аналарды ардақтау, қыз бен ұл тәрбиесі туралы ой-пікір бөлісу екеніне тоқталып, барша аналарды көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Аналар мерекесімен құттықтады.


– Бала тәрбиесін тек қана мұғалімдерден күтпей, әр отбасы мән беруі керек. Отбасынан жақсы тәрбие алып шыққан баланың білімі де, болашағы да жарқын болады. Ата-бабамыз қызға төрден орын сыйлаған, болашақ ана деп құрметтеген. Қыз – елдің көркі. Сұлулықтың символы. Әсіресе, қыз баланың тәрбиесіне аса мән беруіміз керек. Өйткені олар – болашақ ана ғой. Сол себепті осындай жиындарда ұрпақ тәрбиесін жиі талқылауымыз қажет. Бізде Әкелер форумы бірнеше жыл бұрын бір әкенің бастамасымен құрылған. Қазір бүкіл Қазақстанда бар. Бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше, біріншіден қоғамдағы мықты қорғаныш ретінде, баланың мінезінің тұрақтылығында маңызы зор. Ал кез келген бала дүниеге келісімен анасының жанында болады. Айтқанын ұғып өседі. Әр бала өзінің анасына құрмет жасауы тиіс. Кеше ғана Мемлекет басшысы Н.Әбішұлы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Үкіметке көптеген тапсырмалар жүктеді. Сол тапсырмалардың 80-90 пайызы аналарды қолдауға бағытталған. Көпбалалы ананың үйінде бала күтімімен отырғанының өзін жұмыс ретінде қалыптастыруға жағдай туғызу, тұрғын үй мәселесін реттеу бойынша көптеген тапсырмалар алдық. Біз ұлттың болашағын ойлап жатырмыз, – деген облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов көпбалалы аналарды облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. Жиында сөз алған ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы ана болудың ең қиын, ең қымбат мамандық екенін тілге тиек етіп, әр ана өз ұрпағының ғана емес, адамзаттың ертеңі үшін жауапты екенін алға тартты. Ал филиология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр қазақ отбасындағы әйелдің рөлін жан-жақты мысалдармен талқылады. Сондай-ақ форум аясында «Алтын алқа» иегері Клара Ризуанова, патронаттық тәрбиеші-ана Бибігүл Мақанова бала тәрбиесіндегі тәжірибелерімен бөлісті. Форум мерекелік концертке жалғасты.


Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу