15 ЖАСАР БАЛА ШЕНЕУНІК АТАНДЫ

Қызылордада 15 жасар жасөспірім шенеунік атанды. 9 сынып оқушысы Дамир Бозаев облыстық мемлекеттік істер мен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қызылорда облысындағы департамент басшысының штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқармақ.
Жас жеткіншек мектептік «Адал ұрпақ» еріктілер тобының белсенді мүшесі, озат оқушы. Оған қоса, өзінің жетістіктері үшін ол бірнеше диплом мен алғыс хаттарды иеленген.
Аталмыш агенттіктің мәлімдеуінше, Дамир Бозаевтің басты міндеті мектеп аясында жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру болмақ.
«Біз оқушылар арасында жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін енгізбекпіз. Олардың адал еңбекке шақырамыз. Бұл мәселе бойынша бізге «Адал ұрпақ» клубтары белсенді түрде көмек көрсетуде» , – деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.
Оның сөзінше, наурыздың басында бұл еріктілер клубының қызметін барынша дамытуды қолына алатын ең жас кеңісші тағайындалған.
«Біз оқушыларға жемқорлыққа қарсы күрес тәрбиесін өз тілдерінде жеткізген дұрыс деп есептейміз» , – деді ол.
https://kaz.nur.kz/1781600-kyzylordada-15-zasar-bala-seneunik-atandy.html
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу