01 Наурыз 2019 2089 0
Қалалықтар қаперінеЖәрдемақыға арналған шоттан ақша өндіріп алуға тыйым салынады

Ұлттық банк жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, алименттерді және басқа төлемдерді аударуға арналған шоттардан ақшаны өндіріп алуға тыйым салынатынын ескертеді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған кезде, банк төлем талабын қою арқылы қарыз алушының ағымдағы шоттарындағы қарыз алушының ақшасын даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға құқылы. Бұл ретте мұндай өндіріп алу оның ағымдағы шотындағы ақша сомасының және (немесе) қарыз алушының банктік шотына кейіннен түсетін әрбір ақша сомасының 50 пайызы шегінде шектеледі», – деп ескертеді банктегілер. 2017 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы арасындағы кезеңде банктер заңнаманың көрсетілген талабын бұзуға жол бергені айтылады. «Осыған байланысты қарыз бойынша берешекті есептен шығару үшін банктердің төлем ордерін қарыз алушының келісімінсіз пайдаланудың осындай практикасын болдырмау үшін ҚР аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді және қазіргі уақытта қарыз бойынша берешекті есептен шығару үшін төлем ордерін пайдалануға әрбір осындай есептен шығаруға банктік шот иесінің жекелеген өкімі болған кезде ғана рұқсат етіледі», – деп хабарлады банктің баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, 2019 жылғы 24 қыркүйектен бастап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен төлем талабы негізінде қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алған кезде жеке тұлғаның ағымдағы шоттарында республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем емес сомадағы ақшаның сақталуына қатысты нормалар енгізілетін болады. Осылайша, төлем талабы негізінде қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті 50 пайыз шегінде өндіріп алған кезде банк шотында ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем емес сомада ақша қалуға тиіс. «ҚР қолданыстағы заңнамасында жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтарының төлемдерін, білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша халықтың жинақ салымдарын аударуға арналған шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым салу көзделген», – делінген банктің хабарламасында. Сондай-ақ, заңнамада оларға ақша аудару мақсатында арнайы шоттар ашу тәртібі белгіленген.
https://kaz.tengrinews.kz/naryk/ulttyik-bank-jardemakyilarga-arnalgan-shottardan-aksha-ondrp-296000/
Соңғы жаңалықтар
Без рубрики
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
14 Қыркүйек 2026
84 0
Без рубрики
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
14 Қыркүйек 2026
148 0
Без рубрики
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
14 Қыркүйек 2026
153 0
Без рубрики
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
13 Қыркүйек 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
13 Қыркүйек 2026
118 0
Өңір жаңалықтары
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
13 Қыркүйек 2026
218 0
Без рубрики
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
12 Қыркүйек 2026
281 0
Toqaev2026
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11 Қыркүйек 2026
277 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
Без рубрики
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
10 Қыркүйек 2026
235 0
Спорт
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
10 Қыркүйек 2026
236 0
Экономика
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
09 Қыркүйек 2026
253 0
Toqaev2026
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа
09 Қыркүйек 2026
268 0
Өңір жаңалықтары
Теміржол саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
07 Қыркүйек 2026
321 0

Кіру
Пікір үстеу