8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2019 2018 0
Қоғам

150 ТҰРҒЫНҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменттері аймақ тұрғындары үшін «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.

Шара аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.С.Ақмырзаев азаматтарға қабылдау жүргізді.

Шараның мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру және мемлекеттік органға деген азаматтардың сенімін нығайту.

«Ашық есік күніне» 150 тұрғын келді. Ал департамент басшылары өз кезегінде азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын тыңдады. Азаматтарды толғандыратын мәселелердің бірі мемлекеттік қызметке орналасу, соның ішінде тестілеуден өту. Жұмыссыз азаматтардың құқықтары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметке орналасу бойынша аспектілері сөз етілді. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша түсініктер берілді.

Болат Исақов студенттер үшін департамент ғимаратына экскурсия жүргізді. Олар басшының кабинеті, тестілеу залы, мәжіліс залы және басқармалардың кабинеттерін аралады.

«Ашық есік күні» шарасы кезінде азаматтардан қойылған әр сұраққа нақты жауаптар берілді. Сондай-ақ, департамент басшысы студенттерге қызметтерді электронды түрде алуға шақырып, «Цифрлыі агент» мобильді қосымшасымен таныстырды.

 

Шара соңында студенттер экскурсия үшін алғыстарын айтып жатса, азаматтар өткізілген қабылдаудан ризашылықтарын білдіріп тарасты.

 

МҚІСЖҚА БҚО бойынша Департаментінің баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
133 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»