СУДЬЯЛАР БӨБЕКТЕР ҮЙІНДЕ БОЛДЫ
1 наурыз – Алғыс айту мерекесінде Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары облыстық мамандандырылған «Мейірім» бөбектер үйінде болды. Балғындарға сый-сыяпаттарын тарту етіп, дәрігерлер мен тәрбиешілерге алғыстарын жаудырды.

ҚР Қазақстан Судьялар Одағы Батыс Қазақстан облысы филиалы балалар үйлеріне әркез қол ұшын созып, мерекелерде бүлдіршіндердің шаттыққа бөленуіне ықпал етіп келеді. Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген Алғыс айту күнінде де судьялар балғындардың ортасынан табылды.
– Тағдырдың соқпағы сан қилы. Өкінішке орай, дүние есігін ашқаннан бөбектер үйіне тап болып жатқан балалар да бар. Осы балғындар да басқалар секілді қамқорлық, жылылық көріп, балалықтың бал шағын сезініп өсуі керек. Біз осы үрдіске сәл де болса, үлесімізді қоссақ деген ниетпен бүгінгі мерекеде арнайы ат басын тіредік. Осы бүлдіршіндерді мәпелеп, бағып отырған қызметкерлерге, дәрігерлерге алғысымызды білдіреміз, – дейді БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ерталап Есенәлиев.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты бөбектер үйінде 4 жасқа дейінгі сәбилер тәрбиеленеді. Бас дәрігер Асқар Табылдиевтің айтуынша, мұндағы сәбилердің саны жылдан жылға азайып келеді. Мәселен,1990, 2000 жылдардың басында қалада әрқайсысында 120 сәбиден екі бөбектер үйі болған болса, қазір бір ғана бөбектер үйі бар. Әрі бұл үйде де орындар қысқартылған.
– Тастанды балалардың азаюын еліміздегі әлеуметтік жағдайдың жақсаруымен байланыстыруға болады. Жастар да жауапкершілігін түсініп, бұл мәселеге байыппен қарайтын болды. Екіншіден, баланы асырап алуға ниетті отбасылар көбейіп отыр. Біздің балаларымыз қонақтардың келгенін жақсы көреді. Күтеді. Олар қоғамда жалғыз емес екенін, мейірім арқылы өмірлерін шаттыққа толтырудың өзі үлкендер үшін бір ғанибет. Осы мерекеде ұдайы бізге көмек көрсетіп жүрген судьяларға алғысымызды білдіреміз, – дейді Асқар Тобаниязұлы.
Эльмира НҰҒМАНОВА



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу