ҚАР МЕН СҮҢГІ МҰЗДЫ ТАЗАЛАМАҒАНДАРҒА ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ
Жылымық түскен кездегі бірінші кезектегі міндеттердің бірі ғимараттардың шатырларын қар мен мұз сүңгілерді тазарту болып табылады. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысында көп пәтерлі үйлердің, мекемелердің, кәсіпорындардың, сауда орындарының шатырларын қардан, мұздан және сүңгілерден уақтылы тазалауды бақылау бойынша рейд жүргізілді.

Оған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты.
Рейд барысында көп пәтерлі үйлердің аулалары мен кәсіпорындардың қасбеттері тексерілді. Қызметкерлер бірқатар бұзушылықтарды анықтап, әкімшілік хаттамалар толтырды.
Рейдтік іс-шаралар барысында шатырлардың тазалануына бақылауды күшейту, жаяу жүргіншілердің жарақаттануын болдырмау үшін аумақты қоршау қажет екенін атап өтті. Бұл жерде сауда нүктелерінің, дүкендердің, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің иелері тазалыққа ерекше назар аударуы тиіс.

БҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөліміоблыс тұрғындарын қар жаууына және ауа температурасының ауытқуына байланысты, тұрғын үйлердің, ғимараттардың шатырларынан, қалқалардан, күнқағарлардан қар мен мұздың түсу ықтималдығы артқанын ескерте отырып, үйлердің жанынан өткенде сақтануға шақырады. Әсіресе, төбесінде қар ернеулері бар болса, аса қауіпті. Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін мұндай учаскелерде тез өтіп кетуге тырысу керек. Қар мен мұздың жиналуы немесе шатырды тазалау жұмыстарын жүргізу туралы ескертетін қоршауларды ескеріп, қауіпті аймақтың ішінен өтпеу қажет. Балалар үшін де үй қабырғасына жақын жерде серуендеу қайғылы салдарларға әкелуі мүмкін.

«Жайық үні»
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу