8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2019 2102 0
Өзек

ТОҒАЙДА АДАСЫП КЕТКЕН ЖІГІТ 20 САҒАТТАН КЕЙІН ТАБЫЛДЫ

 

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманованың мәліметінше, 24 ақпан күні сағат 12.00 шамасында БҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының кезекшілік қызметіне 1994 жылғы жас азаматтың жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен. Құтқарушыларға адасып кеткені туралы азаматтың өзі хабарлаған. Ол таңғы 05.00 шамасында үй ішіндегілермен ренжісіп, Курени ауданында Жайық өзеніне жағалап тоғайға кіріп кетеді. Құтқарушылар азаматпен телефон арқылы байланысып отырғанымен, ол өзінің тұрған орнын түсіндіре алмаған.

Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері де жұмылдырылды. Бағдарлық бағытты анықтауға полиция ұсынған оның телефонындағы геолокацияның да көмегі де тиді.

Құтқару-іздестіру жұмыстарына жасақтың 35 құтқарушысы, 2 кинолог, 6 техника мен 2 қар шанасы  тартылды. Сондай-ақ іздестіру жұмысына арнайы дайындалған «Джесси» мен «Мари» иттерінің де үлесі зор болғанын атап өту керек.

Ұзаққа созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде кешкі сағат 20.00 шамасында адасқан азаматтың ізіне түсіп, түнгі сағат 1.00-де Нұрмахан Жұмағалиев пен Марлен Берқалиев Утюжный затон ауданындағы қалың орманнан қатты тоңып, әлсіреген азаматты тапты. Құтқарушылар алғашқы медициналық, психологиялық көмек көрсетіп, жылы киім берді.

Түнгі сағат 2.00-ге таяу құтқарушылар жас жігітті тоғайдан алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
287 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»