8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2019 2583 0
Өзек

ТЕЛЕФОН ҰРЛАП ТҰТЫЛДЫ

Оқиға Орал қаласында 21 ақпан күні кешкі 20.30-да болған.

Орал қаласы Полиция басқармасы ЖПҚ аға инспекторы, полиция майоры Динара Абдулқалықованың айтуынша, Гагарин көшесі «Тері комбинаты» аялдамасы маңында ер азамат 1966 жылғы әйелге тиесілі Самсунг Галакси J5 ұялы телефонын  ұрлап кеткен.

Кезекші инспектор барлық қызметтерге бет кескіні бойынша суретін жолдап, күдіктіні іздестіру туралы бағыт береді. Орал қаласы полиция басқармасының патрульді полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция майоры Болат Жаңабаев ұрлық болған аумаққа дереу жаяу жасақты жіберген. Оқиға орнын шолып өткен полиция лейтенанты Азамат Мәулетов пен полиция кіші сержанты Айдын Жантөреев кескін-келбеті іздестірудегі азаматқа келетін тұлғаны байқаған. Күдікті Гагарин көшесі, 99 үйінің ауласында ұсталды.

– Зардап шегуші ұрлық жасаған адамды бірден таныды. Қаскүнем Орал қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ұсталған азамат жасаған қылмысын мойындады, – дейді полиция майоры Динара Абдулқалықова.

Ұрлық жасаған 1984 жылғы Тасқала ауданының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше мәрте сотты болып, ұры ретінде есепке алынғаны белгілі болды.

Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов бұған дейін де бірнеше мәрте ұрлық жасаған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
287 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»