«ЖАСЫРЫН САТЫП АЛУШЫЛАР» 110 БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

2019 жылдың 19 ақпанда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Мемлекеттен көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б.Ибрашев, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары М.Ермеков, БҚО ХҚКО директорының орынбасары Б.Қанешев БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Брифинг барысында «Жасырын сатып алушы» әдісімен қоғамдық бақылау жұмысының қорытындысы таныстырылды.
Бауыржан Ибрашевтың айтуынша, өткен жылы қоғамдық үкіметтік емес ұйымдар қызмет көрсететін 81 мекемеде 87 кездесу өткізген. Қоғамдық бақылаудың қорытындысымен мемлекеттен көрсетілетін қызметтер саласында 110 бұзушылық анықталып отыр. Бұзушылықты жою және оларды туындататын жағдайларды болдырмау мақсатында 109 тиісті ұсынымдар енгізілген.
Бүгінгі күні барлық көрсетілетін қызметтердің көбісі электронды түрде көрсетілуде. 2018 жылы облыста 375 қызмет түрінен 3 миллионнан астам қызмет көрсетілді, соның ішінде 1 646 290-ы немесе 51,2%-ы электронды түрде көрсетілді. 2017 жылмен салыстырғанда қызметтерді электронды түрде көрсету 8,7%-ға өсіп отыр. Электрондық цифрлық қолтаңба алуға сұраныстың көбейгендігін айтып өткен жөн.
Өз кезегінде, Момыш Ермеков Департаментпен бірлесе автокөлік құралдарының техникалық қарап-тексерудің жалған диагностикалық карталарын анықтауға жүргізілген тиісті рейдтік шараларға тоқталды.
«Арнайы мониторингтік топ өкілдері электрондық циярлық қолтаңба алу үшін кезектің көптігіне назар аударған болатын. Соның нәтижесінде, ауруханалардағы ХҚКО арқылы бекітуді енгізуі, ХҚКО-дағы кадрдың жетіспеушілігі,сервистар жұмысының істен шығуы секілді мәселелердің әсерінен туындап отыр» – деді БҚО ХҚКО басшысы орынбасары Бауыржан Қанешев.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу