МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ НАЗАРДА
БҚО әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде Орал қаласында кардиорталық корпусын салу жоспарланғанын мәлім етті.

Денсаулық сақтау салаы бойынша өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында 2 жоба жүзеге асырылды. 550 млн.теңгеге облыстық клиникалық ауруханаға магнитті-резонансты томограф алынса, Шыңғырлау ауданы Лубен ауылында 117 млн. теңгеге дәрігерлік амбулатория салынды. Алдағы уақытта Орал қаласында кардиоорталық корпусы салынбақ.
Батыс Қазақстан облысы медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізуді алғашқылардың бірі болып бастаған болатын. Қазіргі уақытта 121 құжат үлгісі толықтай электронды нұсқаға көшірілді. Тұрғындардың электронды денсаулық паспорттары 100 пайыз жасақталды.
– Облыстағы медициналық ұйымдарда үш ақпараттық жүйе енгізілді. Олар – «Kazmedinform» медициналық ақпаратық жүйе, электронды кезек жүйесі және «АДИС» жедел медицналық жәрдем автоматтандырылған басқару жүйесі. «k-vrachu.kz» мобилді қосымшасы, Web-портал жұмыс жасауда. Ситуациялық орталық құрылды. 97 мың тұрғын тегін дәр-дәрмекпен қамтылуда, – деп толықтырды облыс басшысы.
2016-2018 жылдардағы негізгі көрсеткіштер бойынша түсім бар. Мәселен, аналар өлімі – 67 пайызға, балалар өлімі 20 пайызға, өлім көрсеткіші – 7,5 пайызға, қатерлі аурулардың жаңадан тіркелуі – 6 пайызға азайған.
Медицина саласы мамандарының біліктілігін арттыру да назарда. Ол үшін жергілікті бюджеттен 40 млн. теңге бөлінген. 20 менеджер оқу-клиникалық орталығындағы «Alma University» филиалында магистратурада оқуға жіберілсе, тар шеңберлі мамандардың тапшылығын жою мақсатында 28 резидент еліміздегі медициналық ЖОО-на жолданған.

«ЖАЙЫҚ ҮНІ» ГАЗЕТІ
РАФХАТ ХАЛЕЛОВТЫҢ СУРЕТІ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу