8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Ақпан 2019 2730 0
Жалын

ОРАЛДА ДӘСТҮРЛІ ОҚУШЫЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

14-15 ақпан күндері №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейінде «Тілдердің көпдауыстылығы ХХІ ғасыр жастарындағы өмір факторы» атты мектеп оқушыларының III қалалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция тілдердің үштұғырлылығы бойынша Қазақстанның тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталды.  Оқушылар арасында ғылыми білімнің енгізілуіне, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдануға жұмысты күшейту, көптілді білім беруге студенттердің қызығушылығын арттыру, оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, оқушылардың көптілдік, лингвистикалық мәдениетін дамыту үшін тәжірибелік маңызы бар проблемаларды шешу – шараның негізгі мақсаты болды.

​Конференцияға қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері Ж.Нарықова, Ф.Ғалиев қатысып,  А.Хамбетова, А.Ғұмаров, Л.Кұсайынова, У.Дәулетова, М.Федулеева, Р.Қасымова, Т.Кенжеғалиева, Т.Охасова, И.Майк қазылық етті. Екі күндік шараның алғашқысы секциялық отырыстарымен өтсе, екінші күні пленарлық мәжіліспен жалғасты. Қатысқан 27 оқушы тақырыпқа байланысты өз жобаларын қорғады.

Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды.

№41 мектеп-лицейі директорының орынбасары А.Жарқынқызының айтуынша, конференция келесі жылы дәстүр бойынша оқушысы бірінші орын алған Вольдоров бағытындағы мектеп-гимназиясында өтпек.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
287 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»