КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ – ЖАҢА ТҮБІРТЕК
Жаңа жылдан бастап барлық коммуналдық қызмет тарифтері төмендегені белгілі. Төмендетілген тарифтерді тұтынушылар ақпан айында берілетін түбіртектерден көретін болады. Бұл туралы бүгін Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтерге тұтынушылар алатын түбіртектер туралы түсіндіру» тақырыбында өткен брифингте мәлім болды.

Брифингке «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс су арнасы» ЖШС, «Батыс Энергоресурсы» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚФ, «Ақсайжылуқуат» МКК өкілдері қатысып, туындаған мәселелер бойынша түсініктеме берді.
«Батыс су арнасы» ЖШС-ға сумен жабдықтау бойынша бұдан бұрын 1 текшеметр үшін – 47,02 теңге төлеген болсаңыз, енді төмендетілген бағамен 45 теңге төлейсіз. Сол секілді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың газбен жабдықтау бойынша тарифі 1 метр кубқа – 17,87 теңгеден 17,24 теңгеге арзандаған. «Жайықжылуқуат» АҚ жылудың 1 Гкалы үшін 4524,31 теңге болатын тарифін 4060,39 теңгеге қысқартып отыр. Ал жылыту үшін 1 шаршы метр құны 142,52 теңгеден 127,2 теңгеге азайған. «Батыс Энергоресурсы» ЖШС электр қуатын тұтынғаныңыз үшін 1 квт/сағатты бұдан бұрын 11,57 теңгемен есептесе, қазір бұл баға 10,42 теңгеге төмендеді. Айта кету керек, жалғыз тұратындар зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушыларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған.
Жиында қызмет көрсетуші серіктестік өкілдері тұтынушылар ақпан айында төмендетілген тарифтермен қандай түбіртектерді алатынын түсіндірді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу