ОРАЛДА КІТАПХАНАЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ
Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев мәлім етті.
– Ақпараттық технологиялар ғасырында кітапханалардың әлеуметтік дәрежесі өзгеретіні белгілі. Кітапханалардың қажеттілігі жағдайлардың өзгеруіне қарай бейімделуі керек. Яғни қызмет көрсетуде ыңғайлы жағдай жасалып, қазіргі жастардың құндылық бағдарын қалыптастыруда өзіндік орнын алуы керек, – деді Мұрат РАХМЕТҰЛЫ.
Шаһар басшысының айтуынша, кітапханаларды жаңғырту Ремзауыт пен Зашаған аудандарынан басталады.
Версия для печати
Пікір үстеу