8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Ақпан 2019 3548 0
Дені сау ұлт

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР МЕН СКРИНИНГТЕН ӨТІҢІЗ

2019 жылға мемлекет республика бойынша профилактикалық скрининг үшін 4,3 млрд. теңге бөліп отыр.

Қазір бүкіл әлем бойынша қатерлі ісікке шалдығушылар саны артып отыр. Бүгінде обыр өлім-жітім саны жағынан жүрек-қан тамыры жүйесінен кейін екінші орынға шықты. Көптеген адамдардың бұл диагнозды үкім ретінде қабылдайтыны рас. Бірақ қазіргі заманғы медицина мен ғылым онкологиялық аурулардың басым бөлігін емдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда онкологиялық аурулардың сүт безі, жатыр мойны, тік ішек, асқазан және өңеш, простата безінің қатерлі ісігі сынды түрлері кең таралған. 2018 жылы сүт безі қатерлі ісігінен 315 әйел көз жұмған. Өкпе рагы 754 адамның, ұйқы безі обыры 202 науқастың өліміне себепші болды.

Скрининг – шағын болса да ең қажетті деген тексерулерден тұратын зерттеулер кешені. Көпшіліктің тегін жасалатын осы тексерулерден өтпейтіні жасырын емес. Оның себебі – адамдар жаман хабар естуден қорқып дәрігерге қаралмайды. Дегенмен ауруды ерте анықтаған жағдайда оны емдеу де оңай болатынын ұмытпаған жөн.

Мемлекет бірқатар скрининг түрлеріне жыл сайын тұрақты түрде қаражат бөліп отырады. 2019 жылы аталған скринингтік бағдарламаларға мемлекет 4,3 млрд. теңге бөлді.

– 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер сүт безі обыры қаупі жоғары топқа жатады. Сондықтан олар маммографиялық тексеруден тегін өтеді;

– 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер жатыр мойны қатерлі ісігіне тегін тексеріледі;

– 50 мен 70 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де тоқ ішек пен тік ішек обырына тегін тексеріледі.

2018 жылдың соңында  Батыс Қазақстан облысында  диспансерлік тіркеуге алынған науқастың саны 7 376  адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар, 1393 науқасқа алғаш рет диагноз қойылды. Біздің облыста трахея, бронх, өкпенің онкологиялық ауруымен  246 науқас тіркеліп ем алуда, ал сүт бездері  ісігінен 1 606 әйел адам тіркелген. Республика бойынша  онкологиялық аурулармен күресуге арналған бағдарламалар қабылданған, Батыс Қазақстан облысы да обыр ауруының алдын алуға арналған, емдеу нәтижелерін жақсартуға айтарлықтай ықпал ететін кешенді шаралар бойынша жұмыс істеуде, соның ішінде профилактикалық скрининг туралы айта кету керек.  Облыс бойынша онкологиялық аурулардың алдын алуғаа арналған скринингке үш түрлі бағыт бойынша 2019 жылға  170 млн   бөлініп отыр.

-Егер дер кезінде скринингтік зерттеулер жүргізілсе онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте анықтауға болады. Обырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижесін арттырып, пациенттердің өмірін ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры»  КеАҚ  БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жумагулова.

Мысалы, сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастардың 94 пайызын толық емдеп жазуға болады. Ал, емге кететін шығын 200 есеге қысқарар еді.

 ҚР БОЙЫНША СТАТИСТИКА

2018 жылы Қазақстанда 181 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан. Оның 34 мың 585-іне қауіпті диагноз тұңғыш рет қойылыпты. Пациенттердің басым бөлігі Алматы қаласының (3996), Шығыс Қазақстан (3648), Қарағанды (3614) және Алматы облыстарының (2695) тұрғындары.

Ресми деректерге сүйенсек, былтыр қатерлі ісіктен 14 406 отандасымыз көз жұмған. Онкологиялық аурулардан болған өлім-жітім көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан (1757) және Қарағанды (1284) облыстары, сондай-ақ, Алматы қаласы (1611) көш бастап тұр.

 

 P.S.  Аймақтық онкологиялық диспансерлерде «Ашық есік күндері» үнемі өткізіледі,  сол уақытта дәрігер-онкологтарға тікелей барып, онкологиялық ауруларға тексерілуге болады!

Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды қадағалаңыз: Facebook беттерінде: ФМС: «Доступная медицина для всех», https://www.facebook.com/profile.php?id=100016980407914, https://www.instagram.com/onko_zko /? hl = en

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
192 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
209 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
477 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
956 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1334 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1205 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1692 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2474 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2482 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2534 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2537 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2120 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3016 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3070 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3063 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3679 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3645 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3636 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3610 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3771 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»