8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Ақпан 2019 2058 0
Дені сау ұлт

ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ АСҚЫНЫП КЕТУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ӘДІСІ ТАБЫЛДЫ

Зерттеушілер анықтағандай, қатерлі ісік бір жасушадан бастап ұлғаяды, сол жасушаны емдеу арқылы аурудың асқынып кетуіне жол бермеуге болады.

Ұлыбританияның Салфорд университеті ғалымдарды анықтағандай, онкологиялық аурулар рактың дің жасушаларынан басталады, емдеу кезінде соларды нысанаға алу керек, деп хабарлады  sputniknews.kz TheConversation басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, қазір рактың қай түрі болмасын бұрынғы әдістер бойынша емделеді: алып тастау, күйдіру және улау. Бұл әдістер негізінен ірі қатерлі ісіктерге қарсы бағытталған. Алайда, шын мәнісінде ауруды қоздырушы рак жасушаларына қарсы дәрі-дәрмек шығару керек.

Сүт безі қатерлі ісігінің рак жасушаларына жасалған тәжірибе көрсеткендей, құрамында 0,2% ғана рак жасушасы бар дің жасушаларының сипаттамасы мүлдем басқадай. Олар көп мөлшерде энергия өндіріп, тез көбейеді.

Ғалымдар атап өткендей, дертке шалдыққан жасушалар тіршілігін жалғастыру үшін «күресіп», белсенді түрде көбейе бастайды. Және дені сау ұлпаларға сүйеніп қана қоймай, қан арқылы бүкіл ағзаға тарап, метастаз пайда болады.

Бұл жасушалар жарықты шағылыстырады, сол себепті оларды тез тауып, дәрі-дәрмектің көмегімен, көбеюін тоқтату керек.

Осы әдістің арқасында қатерлі ісік диабет сияқты емдеуге болатын созылмалы ауруға айналады. Қазір ғалымдар рак жасушаларына қарсы дәрі ойлап табумен айналысып жатыр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
101 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
75 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»