8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2019 3886 0
Жалын

ҰЛЫ ДАЛА ЖАСТАРЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ

 Елбасы Жарлығымен биыл Жастар жылы болып бекітілді. Осыған орай, елімізде  Жастар жылы жол картасы әзірленді. Бұл құжаттың негізінде түрлі жобалар мен бірегей бастамалар жүзеге аспақ. Бүгінде барлық жастар саясаты басқармалары мен ұйымдарда қызу дайындық жүріп жатыр. ҚазИИТУ-лық жастар не тындырды, қандай іргелі істерді қолға алмақшы? Осы орайда университет жанындағы «Рухани жаңғыру» орталығында дәл осындай тақырыпта келелі басқосу өтті.

Жиынды ашқан Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің  ректоры Әліби Баяхов ағымдағы жыл жастардың жаңа идеялар жылы болатынына сенімді екенін атап өтті. – Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жарияланған Жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, Жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды. Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында Елбасы 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталатынына екпін түсірді. Ал «Жастар жылы» не атқарылуы тиіс? – деген Әліби Науханұлы  «Жастар жылы дегенді қалай түсінеміз, оның мақсаты не, не жасалуы керек, жастардың бүгінгі бетпе-бет келіп отырған мәселесі қандай?» деген сұрақтар бойынша терең зерттеу жүргізіп, оны саралап, нақты істелу керек жұмыстардың тізімін жасау керегіне басымдық берді. Осы тұста оқу орны жастарының пікіріне құлақ түрді.

«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Сайлау Хамитұлы жас буынды мемлекет тарапынан жасалған бар мүмкіндікті пайдаланып,  күш-жігерін аямай, жұмыла еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне үлес қосуға шақырды. Жиында университеттің академиялық ректоры, профессор Юрий Афонин, Самара мемлекеттік техникалық университетінің профессоры Людмила Орлова келелі ой-пікірлерімен бөлісті.

Елбасы Жолдауына қолдау білдіріп, үн қосқан жастар қатары көп болды. Мұндағы мақсат –  жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік оқу  орнын қалыптастыру арқылы мемлекетке қызмет ету. Мұның өзі жастарға тың серпін берері сөзсіз. Біз әрдайым ізденіс үстінде болып, білімімізді жетілдіре түсуіміз керек. Өзімізді жан-жақты дамытуға, тіл үйренуге тырысып, еліміздің дамуына барынша атсалысайық, – деді студенттік ректор, «Үздік студент – 2018» аталымының иегері  Арайлым Айтқалиева. Қаңтардың 31-і күні «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау қаласында өтетін «Ұлы дала жастары –

Мәңгілік Елдің болашағы» атты ғылыми-инновациялық форсажға жастар делегациясын ақ жол тілеп, шығарып салды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Ерген ОҢҒАРОВ, «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті, «Жас Отан» жастар қанатының «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені студенттері арасындағы көшбасшысы:

–    2019 жыл – жастарға берілген үлкен мүмкіндік жылы. Жастар жылы деп ұрандатып өткізбей, ойымызда жүрген көптеген мәселелерге мемлекет тарапынан қолдау алып, идеямызды нақтылауға жол ашылды. Қазіргі таңда талантты жастар ауылдан шығады. Ауыл жастары мен қала жастарының арасында үлкен айырмашылық бар. Қала жастарында мүмкіндік көп болғанымен, дер уақытында пайдаланбайды. Ал ауыл жастарында мүмкіндік өте аз. Сондықтан оларға көп көңіл бөлінсе деймін. Жастардың өзін дамыта отырып, ел игілігіне еңбек етуіне бұл жылы нақты қолдаулар болады. «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде ғылымға бет бұрған, стартап жобаларды жүзеге асырып жүрген жастар көп. Ел жастарына сәттілік тілеймін.

 

Әсел ҚОШАҚОВА, «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2-курс студенті, «Еріктілер» ұйымының жетекшісі:

– Елбасымыздың жастарға әркез назары, қамқорлығы ерекше. Мемлекет қолдауын әрбір жас сезінеді деп ойлаймын. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жастарға арналған десек болады. Жолдауда Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды және жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақстандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатты. Сонымен қатар, Елбасы Үкіметке жастардың білім алуына ерекше назар аударуды тапсырды. Әсіресе, жоғары оқу орындарының білім сапасы, түлектердің жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы тиіс. Себебі білімді жас – сапалы маман болып қалыптасары сөзсіз. Елбасы үкіметке «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін созу керектігін айтты.

 

Ерлан НҰРТАЕВ,  «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1 курс студенті:

–  Рухы бар қазақтың даласындай,

Мен-дағы киелі елдің баласындай.

Мақтанамын, себебі азатпыз біз

Қайырылмайтын қыранның қанатындай.

Президенттің форум барысында айтқан бастамалары мен тапсырмалары Қазақстанның жас буынын жан-жақты қолдауға бағытталған. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір осы оқу орнының студенттері арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар. Инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып, арнайы грант ұтып алған жастар көп. Ал оны ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға қаржылық қолдау қажет. Сол себептен ғылымды дамытамыз десек, әуелі инновациялық жобаларды мақұлдау қажет.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
82 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
298 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
786 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1162 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1087 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1522 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2138 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2305 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2311 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2361 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2365 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2004 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2846 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2899 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2896 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3505 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3475 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3464 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3442 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3603 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3650 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»