ӨТКЕН ЖЫЛДЫ САРАЛАП, АЛДАҒЫ ЖОСПАРДЫ НАҚТЫЛАДЫ
Бүгін қалалық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында қалалық мәслихаттың 29-кезекті сессиясы мен Орал қаласы Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде қала әкімі М.Мұқаев, қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеров, қалалық Қоғамдық кеңесі төрағасы Бақытжан Нұрбаев өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралады.

Жиынға Орал қалалық мәслихатының депутаттары, қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, селолық округ және кенттердің әкімдері, қала әкімдігі бөлімдерінің және әкімшілік бюджеттік бағдарламалар басшылары, қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
Алдымен күн тәртібіне сай баяндама жасаған қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеров мәслихат қызметінің басымдық бағыты – Орал қаласының аумағында Елбасы тапсырмалары аясында жұмыстану, қоғамдағы сенімді, бірлікті және тұрақтылықты нығайту, қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Аққали Үмбетқалиұлының мәлімдеуінше, депутаттар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа алып, жұмысын абыроймен атқаруда.
– Жыл бойы жұмысымызда қала тұрғындарының мүдделерін қорғауға тырыстық, қалалықтардың тіршілік әрекетінің қандай да бір мәселелері бойынша қоғамдық пікірді ескеріп, туындаған мәселелерге баса назар аудару арқылы атқарушы органдармен бірге оларды шешу жолдарын қарастырдық. Мәслихат депутаттары өздерінің сайлау округтерінде азаматтарды қабылдау арқылы халық пен биліктің жергілікті атқарушы органдары арасында кері байланыстың тиімді арналарын қамтамасыз етеді, – дейді қалалық мәслихат хатшысы.
Есепті кезеңде 9 мәслихат сессиясы өткен. Сессия барысында қала бюджетін нақтылаудан өзге, қала тұрғындарының өмір сапасына қатысты көптеген маңызды мәселелер қаралған. 2018 жылы қала бюджеті 27,1 млрд. теңгені құраса, жыл бойы республикалық, облыстық трансферттер есебінен 41,4 млрд. теңгеге өсті. Өсім 53 пайызды құраған. Мәслихатта төрт тұрақты комиссия жұмыс істейді. Есепті кезеңде тұрақты комиссиялардың 37 отырысы өтсе, оның сегізі көшпелі түрде өтті. Сондай-ақ ономастикалық мәселелер бойыншща 6 қоғамдық тыңдау болған. Аталған тұрақты комиссияларда 74 сауал қаралып, шешімдер қабылданған. «Жайық Таза Қала», «ОралТазаСервис», «Батыс Су Арнасы», «Жайықжылуқуаты» АҚ, «ҚазТрансГазАймақ» секілді коммуналдық мекемелердің жұмыс сапасын бақылау депутаттардың қырағы назарына алынды. Жыл ішінде халық қалаулылары әр түрлі қайырымдылық шараларына атсалысып, халықтың аз қамтылған тобына үнемі қолдау білдіріп келген. Бір жыл ішінде 93 депутаттық сауал жолданған. Олардың басым көбісі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына, құрылыс және көше жолдарын жөндеу, көшелер мен аулаларды абаттандыру, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, білім және денсаулық салаларына бағытталған.

Бұдан соң жиынның күн тәртібіне сай қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Нұрбаев өткен жылы қоғамдық кеңес мүшелерінің атқарған жұмыстарын сараптады. Қоғамдық кеңес төрағасының баяндауынша, кеңестің құрылғанына биыл үш жыл толады. Жақын күндері қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі аяқталады. Кеңес құрамында 23 адам бар.

Есепті кезеңде Кеңестің 14 отырысы өтіп, қала тұрғындарының қоғамдық маңызды мәселелері талқыланған. Өткен жылдың мамыр айында қаладағы қоқыс шығару мәселесі талқыланып, нәтижесінде кеңес мүшелерінің шешімімен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бағасы 317 теңгеден 160 теңгеге төмендетілген. Қоғамдық кеңес мүшелері әр түрлі жобаларға, қайырымдылық айлықтарына белсенді атсалысып, ардагерлерге, аз қамтылған отбасыларына көмек қолын созып келеді. Жиында қала әкімі Мұрат Мұқаев депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелеріне өткен жылы қалада атқарылған жағымды істерді тізбектеп, алдағы жоспарлар туралы баяндады. Сондай-ақ шаһар басшысы жиналғандарды қаланың өркендеуіне бірге үлес қосуға шақырды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу