ЗАШАҒАНДА СЕГІЗ ҮЙ САЛЫНУДА
Зашаған кентінің әкімі Әділбек Қадыров кент тұрғындары алдында есеп берді. Есепті кездесуге қала әкімі Мұрат Мұқаев, қала әкімінің орынбасарлары, құрылымдық бөлімше басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Соңғы жылдары халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу жолында қалаға қарасты Зачаган кентінде жұртшылықтың көз алдында атқарылған жұмыстар жетерлік. Бүгінде кент тұрғындарының саны 52 мыңнан асып жығылады. Кент аумағында 13 шағынаудан мен 1 село орналасқан. Ұлттық құрамы жағынан халықтың 75 пайызы қазақтар. Осыдан он жыл бұрын мұнда 17 мың тұрғын мекендесе, қысқа мерзімде олардың саны үш есеге артып отыр. Бұл есепті кезеңде шағынаудандар, мектеп, балабақша, өзге де әлеуметтік нысандар қатары артқанын көрсетеді. Қазіргі таңда кенттің инфрақұрылымы толықтай өзгерген. Шешімін тапқан мәселелермен қатар, шешімін табуды қажет ететін өзекті жайттар да жетерлік. Кент әкімінің баяндамасына сүйенсек, «2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде кентте 64957,5 мың. теңгені құрайтын 5 жоба мақұлданған. Өткен жылдың нәтижесі бойынша, ауыл шаруашылығында барлық көрсеткіш жоғары. Кентте 24 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде, 500 тонна өнім 15 млн. теңгеге сатылған. Апта сайын 15 шаруа қожалығы және 11 жеке кәсіпкер тұрақты қатысып отырған. «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту 2020», «7-20-25» бағдарламалары аясында Зашағанда 34 көпқабатты үй, яғни 3903 пәтер пайдалануға берілген. Сондай-ақ 8 тұрғын үйдің құрылысы жүруде.

Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу