«ХАЛЫҚ – ҚАЗЫНА. ҚАЗЫНА ЖАЯУ ЖҮР»
ОСЫЛАЙ ДЕГЕН КРУГЛООЗЕРНЫЙЛЫҚТАР ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМДАРЫН БІЛДІРДІ.

Бүгін Круглоозерный ауылы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге Орал қаласы әкімі М.Мұқаев қатысты. Алдымен кент әкімі К.Нұршинов өткен жылы округте атқарылған жұмыстарды баяндап, биылғы жылы кентті өркендету мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Есептік жиынның екінші бөлімінде тұрғындар қала басшысы мен кент әкіміне сұрақтарын қойды. Кентте жасалған жұмыстар көп. Әйткенмен, бірнеше жылдан бері шешімін таппаған, тұрғындарды қажытқан мәселе – Круглоозерный кенті мен қала орталығына қатынайтын №51 бағыттағы жолаушылар көлігінің уақытылы жүрмейтіні. Кент тұрғындарының сөзінше, жұмыс күндері уақытпен жүрмейтін автобустар, демалыс, мереке күндері желіге мүлде шықпайтын көрінеді. Кешкі 21.00-ден кейін «уақытымыз аяқталды» деген желеумен орта жолдан түсіріп кететін де кездері бар. Халық ескерту айтса, жүргізушілердің «біз – жекеміз» деген жауаптары дайын. Сол себепті студенттер мен қалада жұмыс жасайтындар таксимен немесе жол-жөнекей көліктермен баратын жерлеріне жетіп қалуға тырысып жүр.

Сұрақ-жауап бөлімінде кент тұрғыны Айғали Шүкірбаев алғашқы сауалды осы мәселеден бастады. Ауылдастарының назын зейнеткер Абдуш ағай жалғап, ұзақ жылдардан бері маршруттың түйіні шешілмей келе жатқанын ашына жеткізді.

– «Халық – қазына» дейміз. Қазына жаяу жүр. Жаңа жыл мерекелерінде жүрмеді. Сенбі, жексенбі күндері де автобусты таппаймыз. Бұларды дұрыстап қадағалау керек, – дейді қария.

Ауыл азаматы Беркін Молдағалиев те маршрут мәселесін шешу – бірінші кезекте қаралса деген өтінішін білдіріп, «ПАЗиктерге» халықтың сыймайтынын да тілге тиек етті.
№51 жолаушылар көлігіне қызмет көрсететін «ПАП №1» ЖШС басшысы Саян Сәбитұлының айтуынша, Круглоозерныйға 1 бірлік «ДЭУ», 2 бірлік «ПАЗ», 1 бірлік «Газель» жүреді. Ал демалыс күндері желіге 1 автобус қана шығады.

– Әр тәртіп бұзушылыққа қатысты шара қолданылды. №51 жолаушылар көлігі бойынша жүретін автобустарда менің жеке телефон нөмірім жазылған. Шағымдарыңызбен хабарласуларыңызға болады. Жүргізушілер халықтың көбіне жол-жөнекей көліктерге мініп кететінін айтып шағымданады. Жолаушы болмаса, оларға да желіге шығу шығынға әкелері анық. Маршруттың жай-күйін жақсарту жоспарымызда бар. Өткен жылы автобус алу үшін банкке несие алу жөнінде өтініш беріп көрдік. Бірақ, қанағаттандырмады. Қазір елімізде жолаушылар тасымалдаушыларға көмек көрсету үшін кешенді бағдарламалар енгізілуде. Биыл осы бағдарламамен жұмыстанбақпыз, – дейді серіктестік басшысы.
Қала әкімі Мұрат Рахметұлы №51 бағыттағы маршрут бойынша автобустардың санын көбейтуді және автобустарға GPS-бағыттаушы құрылғысын орнатып, бақылап отыруды тапсырды. Ал автобустарды жаңалау мақсатында субсидия жөнінен әкімдік қолдау көрсететін болады.
Айта кетейік, Круглоозерный кенті мен қала аралығына қатынайтын №51 бағыттағы маршруттың қозғалыс тәртібі жыл сайынғы есептік кездесулерде көтеріліп жүр. 2018 жылдың қазанында өткен «Ашық әкімдік» шарасында да тұрғындар қаламен қатынастың жайын қозғады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу