Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Бөкей Ордасы ауданының Хан ордасы ауылында «Bokei Orda Trail – 2026» жүгіру жарысы ұйымдастырылды.
Ауқымды спорттық шараға еліміздің әр өңірінен келген кәсіби спортшылар мен бұқаралық спортты қолдаушылар қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Бөкей Ордасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныту.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Нұрлыбек Даумов қатысушылар мен қонақтарды айтулы мерекемен құттықтап, Бөкей хандығының қазақ тарихындағы ерекше орнына тоқталды. Сонымен қатар мұндай спорттық шаралардың жастарды белсенді өмір салтына баулудағы және өңірдің туристік әлеуетін арттырудағы маңызы зор екендігін атап өтті.
Қатысушылар табиғаты көркем, тарихи орындар арқылы белгіленген бағыт бойынша жүгіріп өтіп, өздерінің төзімділігі мен спорттық шеберліктерін көрсетті. Жарыс барысында қауіпсіздік талаптары толық сақталып, қатысушыларға барлық қажетті жағдай жасалды.
Тарих пен спортты тоғыстырған «Bokei Orda Trail – 2026» жарысы мерейтойлық шаралардың жарқын көрінісіне айналып, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен ерлерден 1 орын Мақсат Қозбағаров, 2 орын Жарас Айтуаров, 3 орын Дәулет Батырхан жеңіп алса, әйелдер 1 орын Айман Сәрсенғалиева, 2 орын Тұрсынай Сұлтанғалиева, 3 орынды Мөлдір Туткушева иеленіп, арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңір тұрғындары мен қонақтарына тағылымды әрі мазмұнды бағдарламалар ұсынатын болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру


