8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Маусым 2026 443 0
Экология

Абаттандыру – басты назарда

Орал қаласында жасыл желектерді күтіп-баптау және қала аумағын абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта қала көшелері мен қоғамдық орындарда ағаштарды санитарлық кесу және сәндеу шаралары жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша, санитарлық кесу барысында қураған, сынған және ағаштың өсуіне кедергі келтіретін бұтақтар алынып, олардың қалыпты дамуына жағдай жасалады. Бұл өз кезегінде ағаштардың өміршеңдігін арттырып, күтпеген жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сәндік қырқу жұмыстары арқылы ағаштардың пішіні ретке келтіріліп, қаланың сәулеттік келбеті мен эстетикалық тартымдылығы жақсартылуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ жасыл желектердің сапалы сақталуына бағытталған.

Қаланы көгалдандыру және абаттандыру шаралары аясындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасып, Оралдың көрікті келбетін қалыптастыруға өз үлесін қоса бермек.

Әдемі БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
94 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
290 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»