8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Маусым 2026 423 0
Заң және тәртіп

Оралда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан күдікті қолға түсті

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікке ілінген азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 28 жастағы Орал қаласының тұрғыны басқарған Hyundai автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде ішінен есірткі заты салынған 75 zip-пакет орналасқан үш ірі орама анықталды.

Кейін күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында дәл осындай зат салынған тағы бір пакет пен 28 zip-пакет, сондай-ақ электронды таразы, кофе тартқыш, қаптама материалдары және изолента тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон болып шықты. Есірткінің жалпы салмағы 570 грамды құрады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған азамат Telegram мессенджері арқылы жұмыс істеген есірткі интернет-дүкенінде «қоймашы» қызметін атқарған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыстық схеманың өзге де қатысушыларын және есірткіні жеткізу арналарының жолдарын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жалғастыруда.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Жауапты науқанға дайындық жүйелі
23 Шілде 2026
173 0
Закон и Порядок
Алаяқтар арбауын қояр емес!
22 Шілде 2026
170 0
Өңір жаңалықтары
Жаңа көпірдің құрылысы басталды
22 Шілде 2026
161 0
Мәдениет
«Сабантой» көңіл-күй сыйлады
22 Шілде 2026
163 0
Без рубрики
Қала бойынша 109 лагерь жұмыс істейді
18 Шілде 2026
288 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»