Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
ҚР Мемлекеттік рәміздері күні Орал қаласында 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 104 пәтері «Отбасы банк» АҚ арқылы Тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағылар, көпбалалы жанұялар, мемлекеттік қызметшілер, әскерилер және өзге де санаттағы отбасыларға табысталды. Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Соның ішінде «Ақжайық» шағынауданының әлеуеті зор. Мұнда инженерлік желілерді тарттық, жол салдық. Орал қаласының орталығына қатынасты жеңілдету үшін көпір салуды қолға алдық. Келешекте 1500 орындық мектеп, балабақша, аурухана, спорт кешенін саламыз. Бұл — құр уәде емес, жүйелі жоспарға сай атқарылып жатқан нақты істер. Басты мақсат — халықтың өмір сүру сапасын арттыру, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі жаңа қоныс иелерін Мемлекеттік рәміздер күнімен де құттықтап, осындай игілікті шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді арттырып, сапалы білім алып, адал еңбек етуге қанаттандыратынына сенім білдірді.
Айта кетейік, Орал қаласында 27 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оларды баспанамен қамту бағытында биыл 1800 пәтерлік 20 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Тарихи оқиға – Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді
Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде
Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар – әлеуметтанулық зерттеу емес, ықпал ету құралы
Жаңақала ауданында ардагерлер мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті
Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті
Ақжайық ауданында жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтары талқыланды
Ақжайық ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті
Казахстан развивает ядерные технологии не только в энергетике, но и в медицине, промышленности, экологии и науке
«Донат» үшін ойдан құрастырылған оқиға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды
Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық сотталды
Құрылтай сайлауы өткен соң, 145 депутат заң шығарушы органға 5 жылға жайғасады

Кіру


