Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
Бүгін Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған Мемлекеттік Ту көтеру салтанаты өтті.

Мерекелік шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен айғағы, ел егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің басты нышандары. Көк Туымыз – бейбітшілік пен бірліктің белгісі, Елтаңбамыз – мемлекетіміздің тұтастығын айшықтаса, Әнұранымыз – халқымыздың рухын асқақтатады.
Еліміздің еңсесін биіктеткен қасиетті Көк Туымыз әрдайым асқақтап, Тәуелсіз Қазақстанның мерейі үстем болсын!
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Әдемі БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ



Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру