ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМА ЕНГІЗІЛМЕК
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері жан-жақты қаралды. Жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режимде қатысты.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуір айында қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіруге және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған заңға қол қойған болатын. Үкімет отырысында Премьер-министр аталған құжат еңбек қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға тың серпін беретінін атап өтті.
Өңірде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда облыс кәсіпорындарында 516 өндірістік кеңес жұмыс істейді. Бүгінге дейін 1628 мекеме қызметкері кәсіби тәуекелдер мен еңбек қауіпсіздігі талаптары бойынша арнайы бағалаудан өткен. Сонымен қатар 71 нысан еңбек жағдайлары жөніндегі аттестаттаудан өткізілсе, 183 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігін басқарудың халықаралық стандарттары енгізілген.
Үкімет басшысы салалық министрліктерге жыл соңына дейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бірыңғай цифрлық платформаны іске қосуды тапсырды. Бұл жүйе қауіпті өндірістік нысандардағы жағдайды жедел бақылауға, тәуекелдерді алдын ала анықтауға және бақылау-қадағалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Облыста да өндірістік қауіпсіздікті күшейту мақсатында заманауи цифрлық технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Атап айтқанда, 11 ірі кәсіпорын «Халықтық бақылау» жобасы аясында өндірістік процестерді бейнебақылау жүйелері арқылы қадағалайды. Ал өндірістік жарақаттануды азайтуға бағытталған «Vision Zero» халықаралық тұжырымдамасы бойынша 105 ұйым арнайы интернет-платформада тіркелген.
Биыл өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау мақсатында 39 нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 323 заң бұзушылық анықталып, жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 3,2 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын бағалау және техникалық жұмыстарға берілген рұқсаттардың заңдылығын тексеру мақсатында 204 бақылау іс-шарасын өткізу жоспарланған.
Жиын қорытындысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмысшылардың өмірі мен денсаулығы кез келген өндірістік көрсеткіштен жоғары тұратынын атап өтті. Сонымен қатар Премьер-министрдің тапсырмаларына сәйкес жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдары арасында ұжымдық шарттар жасасу, шағын және орта бизнес субъектілерінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігіне тоқталды.
Аймақ басшысы жауапты мемлекеттік органдар мен кәсіпорын жетекшілеріне өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстап, еңбеккерлердің құқықтарын қорғау және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша нақты шараларды күшейтуді тапсырды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру