Мәдениет үйі мен кітапхана жұмыс істейді
Таяуда Орал қаласының іргесіндегі Круглоозерный кентінде көптен күткен қуаныш – 250 орындық жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қатысып, жобаның әлеуметтік маңызын атап өтті. – Круглоозерный кентінің тұрғындары Мәдениет үйінің қажеттілігін көп жылдан бері көтеріп келді. Бұл мәселе менің тұрғындармен кездесулерім барысында да бірнеше мәрте айтылды. Сондықтан бүгінгі күн – кент тұрғындарының ортақ жеңісі әрі қуанышы. Инвестордың қолдауының арқасында әртүрлі буын өкілдерінің басын қосатын маңызды нысанды жүзеге асыруға мүмкіндік туды, – деді қала әкімі Мұрат Болатұлы.
Заманауи талаптарға сай бой көтерген әлеуметтік нысан кенттің жеті мыңнан астам тұрғыны үшін мәдени, шығармашылық және қоғамдық орталыққа айналды. Жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метрден асатын жаңа ғимараттың құрылысы 2025 жылдың маусым айында басталып, 550 миллион теңге көлеміндегі жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды.
Жаңа Мәдениет үйінде алдағы уақытта концерттер, шығармашылық кештер, мерекелік және қоғамдық іс-шаралар, сондай-ақ тұрғындармен кездесулер тұрақты түрде өткізіледі. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған би үйірмелері мен түрлі секциялар жұмыс істейді. №14 қалалық кітапхана орналасқан ғимараттың маңызды ерекшелігі – елдегі кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатпен үндес.

Еске салсақ, 2026 жылғы 16 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойып, бұл бағытты мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындаған болатын.
Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің ертеңгі нөмерінен оқисыздар.
Даметкен Сағынбаева
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Тарихи оқиға – Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді
Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде
Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар – әлеуметтанулық зерттеу емес, ықпал ету құралы
Жаңақала ауданында ардагерлер мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті
Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті
Ақжайық ауданында жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтары талқыланды
Ақжайық ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті
Казахстан развивает ядерные технологии не только в энергетике, но и в медицине, промышленности, экологии и науке
«Донат» үшін ойдан құрастырылған оқиға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды
Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық сотталды
Құрылтай сайлауы өткен соң, 145 депутат заң шығарушы органға 5 жылға жайғасады

Кіру