8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Маусым 2026 363 0
Заң және тәртіп

Полицейлер азаматтың өмірін сақтап қалуға көмектесті

Батыс Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері жағдайы күрт нашарлаған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті.

Оқиға Орал–Атырау тасжолында болған. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі полицейлерден көліктегі жолаушының кенеттен есінен танып қалғанын айтып, көмек сұраған.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – полиция капитаны Артур Куспанов пен полиция аға лейтенанты Райымбек Аққалиев дереу әрекет етіп, қызметтік көлікпен арнайы сүйемелдеу ұйымдастырған. Нәтижесінде науқас Ақжайық аудандық ауруханасына уақытылы жеткізілді.

Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетіп, қазіргі таңда азаматтың жағдайы тұрақты екені белгілі болды.

Тәртіп сақшыларының жедел әрі кәсіби әрекеті адамның дер кезінде ем алуына мүмкіндік беріп, оның өмірі мен денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
92 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
288 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
276 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»