8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2026 73 0
Өңір жаңалықтары

Үкімет басшысының орынбасары гидротехникалық жүйені жаңғырту жұмысымен танысты

Орал қаласын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету бағытында маңызды инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр. Бәйтерек ауданы аумағында жерасты сулары кен орнының сужинағыш құрылыстарын қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның жүзеге асырылу барысы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевқа таныстырылды.

Жобаның жалпы құны 12,4 млрд теңгені құрайды.

Аталған нысан толық іске қосылған жағдайда 360 мың абонентті ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. Оның тәуліктік су алу қуаты 35 мың текше метрге жетеді. Бұл облыс орталығындағы ауыз су тапшылығының алдын алып, тұрғындарды тіршілік нәрімен тұрақты қамтамасыз етуге жол ашады.

Қазіргі таңда құрылыс алаңында екі резервуар салынып жатыр. Мердігер ұйым – «Аскади» компаниясы. Сонымен қатар компания диаметрі 1000 мм болатын 14 шақырымдық су құбырын қайта құру жұмыстарын да жүргізуде.

Вице-премьер қала халқы үшін маңызы зор жобалардың орындалу барысын қарап, жауапты мамандардың есебін тыңдады. Сондай-ақ, құрылыс кезінде туындауы мүмкін бірқатар мәселелер мен оларды шешу жолдары пысықталды.

Айта кетейік, бүгінде Орал қаласы ауыз суды Жайық өзеніндегі су тазалау қондырғысынан және Байқоныс ауылы маңындағы жерасты су көзінен алып отыр. Ал жерасты су көздерін жаңғырту жобасы өңірдің су қауіпсіздігін күшейтіп, қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту деңгейін арттыруға бағытталған.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жол қозғалысы уақытша шектеледі
28 Мамыр 2026
131 0
Өңір жаңалықтары
150 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді
27 Мамыр 2026
192 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Жылу желілеріндегі жөндеу мерзімі ұзартылды
26 Мамыр 2026
174 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да Құрбан шалу рәсіміне үш нысан бекітілді
26 Мамыр 2026
175 0
Искусственный интеллект
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival
25 Мамыр 2026
165 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»