8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2026 78 0
Өңір жаңалықтары

Бәйтеректегі кооператив ауыл шаруашылығын әртараптандырып келеді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округіндегі «Аманат–22» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты.

2022 жылы құрылған агробірлестік бүгінде ауыл тұрғындарын ортақ іске жұмылдырып, шаруашылықты жүйелі дамытуға ден қойып отыр. Қазіргі таңда кооператив құрамында 96 адам бар. Жалпы аумағы 132 мың шаршы метрді құрайтын нысанда бау-бақша бағыты мен сүтті мал шаруашылығы қатар жүргізілуде.

Кооператив 2024 жылы кәсібін кеңейту мақсатында 26 млн 400 мың теңге несие және 52 млн 700 мың теңге лизинг алған. Мемлекеттік қолдау аясында мұнда 10 мың басқа арналған құс фабрикасы іске қосылды. Сонымен қатар өндірілген сиыр сүті «Жастық» ЖШС-ға өткізіліп, кооператив мүшелеріне әр литр үшін 20 теңге көлемінде субсидия төленеді.

Алдағы уақытта агробірлестік алма бағын өсіруді қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл ауылдағы кәсіп түрлерін көбейтіп, жергілікті тұрғындардың табысын арттыруға мүмкіндік бермек.

Қанат Бозымбаев кооператив мүшелерінің ұйымшылдығы мен еңбегіне оң бағасын беріп, мұндай бастамаларды өңір халқының қажеттілігіне сай әрі қарай жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде облыста 291 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі мал шаруашылығы саласында еңбек етіп келеді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жол қозғалысы уақытша шектеледі
28 Мамыр 2026
131 0
Өңір жаңалықтары
150 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді
27 Мамыр 2026
192 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Жылу желілеріндегі жөндеу мерзімі ұзартылды
26 Мамыр 2026
174 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да Құрбан шалу рәсіміне үш нысан бекітілді
26 Мамыр 2026
175 0
Искусственный интеллект
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival
25 Мамыр 2026
165 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»