8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Мамыр 2026 326 0
Тағылым

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Күллі мұсылман қауымы үшін маңызы ерекше мейрамда имандылық пен ізгілік, мейірім мен қайырымдылық сияқты адами асыл қасиеттер асқақтай түседі. Айт күндері бірін-бірі құттықтаған ағайын бабадан жалғасқан ізгі дәстүрдің ізімен мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге, жақсылық жасауға асығады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мерекелік құттықтауында кез келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жету үшін еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтаудың маңызын атап өткен еді. Құрбан айт мейрамының мәні мен мақсаты да береке-бірлік, бауырмалдық пен ынтымақ сияқты рухани құндылықтармен үндесіп жатыр. 

Ардақты ағайын!

Алдағы уақытта да өзара түсіністік пен татулықты ту етіп, ауыл-аймағымызды дамыту жолындағы асқаралы міндеттерге бірлесе қол жеткізейік!

Баршаңызға зор денсаулық, құт-береке тілеймін. Еліміз аман, бейбіт күніміз баянды болсын! Айт күндері жасаған ізгі амалдарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болғай!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»