8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Мамыр 2026 364 0
Заң және тәртіп

Оралда сауда орындарын тонады деген күдікпен ер адам ұсталды

Орал қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері қала аумағындағы сауда орындарында жасалған мүліктік қылмыстар сериясын жедел түрде ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті түнгі уақытта сауда нүктелерінің пластикалық есіктерін бұзып кіріп, ақша қаражатын, ұялы телефондарды және өзге де бағалы мүліктерді ұрлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен Орал қаласының 40 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта оның төрт бірдей қылмысқа қатысы бары белгілі болды. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, күдіктіге екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге мүлкін тәркілей отырып бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ақпарат Polisia.kz сайтынан

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»