«AMANAT» бастамасы: С.Меңдешев ауылдық округінде заманауи мәдениет үйі бой көтерді
Жаңақала ауданы Қырқопа ауылы С.Меңдешев ауылдық округіндегі мәдениет үйі бірнеше жыл бойы апаттық жағдайда жұмыс жасап келді. Ауыл тұрғындарының әркез көтеретін мәселелерінің қатарында мәдениет үйінің күрделі жөндеу мәселесі болды. 2024 жылы «AMANAT» партиясының бастамасымен ауылда жаңа мәдениет үйі құрылысы басталып, қазіргі таңда толық пайдалануға берілді.
Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы өңірдің күй астанасы болып саналады. Бұл киелі аумақта қазақтың күй өнерін асқақтатқан атақты күй алыптары Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісова дүниеге келген. Осы себептен де шығар Жаңақала ауданынан шыққан күй тарландарының саны көп. Олар атадан қалған дәстүрлі өнерді асқақтатып, бүгінде ұрпақтан ұрпаққа өнеге етіп келеді. Оқап Қабиғожин, Мамен, Тұяқберді Шәмелов, Қали Жантілеуов сынды атақты күйшілер де осы киелі жердің тарландары. Ән өнері мен күй салтанатын өркендеткен мекендегі көп жылдар бойы апаттық деп танылған мәдени нысанның жай-күйі халықты толғандырып келді. «AMANAT» партиясының бастамасымен бұл мәселе шешімін тауып, бүгінде ауыл тұрғындарына арналған жаңа мәдениет үйі бой көтерді.
150 орынға арналған жаңа мәдениет үйі барлық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мәдениет үйі аумағында балаларға арналған коворкинг залы, би залы және ауыл тұрғындарына қажетті кітапхана орналасқан.
Ауылдық округтегі жаңа мәдени нысанда ауыл тұрғындары бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар, ауылдық жиналыстар, концерттік бағдарламалар ұйымдастыруға мүмкіндік алып отыр.
- «Біздің ауылымыздағы мәдениет үйі бұрынғы клуб ұзақ уақыт апатты жағдайда жұмыс жасап келді. Біздің ауылдың жастары да, мектеп оқушылары талантты, әркез әртүрлі мәдени байқауларға қатысып жүреді. 2024 жылы осы ауылымызда жаңа мәдениет үйі салынып, ауыл тұрғындарының бір аманаты орындалды. Осы ауыл тұрғындары атынан, мәдениет саласы қызметкерлері атынан «AMANAT» партиясына бастама болғаны үшін алғысымызды білдіреміз,– деп атап өтті С.Меңдешев атындағы ауыл тұрғыны.
Аталған мәдени нысан тек жастарға ғана емес, барлық жастағы ауыл тұрғындарына арналған. Жоба аясында құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше көңіл бөлініп, тиісті бақылау жүргізілген.
- «Жаңақала ауданы аумағында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында бірқатар мәдени нысандар бой көтеріп, бірқатарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Сейітқали
Меңдешев атындағы ауыл тұрғындарының аманаты – мәдениет үйінің салынуы барысында бірнеше партиялық бақылау жүргізіліп, құрылыс жұмыстары сәтті аяқталды», – деді аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Гүлбану Дагарова.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 2023 жылдан бері жалпы сыйымдылығы 690 орындық 6 мәдениет нысаны ашылып, 12 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру



