Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті – қоғам жауапкершілігінің көрінісі
Қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарынорнықтыру, азаматтардың құқықтық санасынарттыру және сыбайлас жемқорлықтың кез келгенкөрінісіне нөлдік төзімділік қалыптастыру – бүгінгікүннің маңызды міндеттерінің бірі. Себебісыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғаунемесе уәкілетті органдардың жұмысы ғана емес, бұл – бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Осы бағытта Мемлекеттік қызмет істеріагенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойыншадепартаментімен жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстаржүргізілуде. Негізгі мақсат – қоғамда сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымынкүшейту және парасаттылық құндылықтарындәріптеу.
Есептік кезеңде Департамент тарапынан жалпысаны 34 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасыұйымдастырылып, оған 2045 адам қамтылды. Өткізілген кездесулер мен пікірталас алаңдарыәртүрлі аудиторияны қамтып, мемлекеттікқызметшілер, жастар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, педагогтер, бизнес және азаматтыққоғам өкілдері арасында өткізілді.
Аталған іс-шаралардың ішінде ауқымдыформатта ұйымдастырылған бірқатар кездесулеререкше маңызға ие болды. Атап айтқанда, БатысҚазақстан облысының Төтенше жағдайлардепартаментінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдыналу» тақырыбында ведомствоаралық кеңесұйымдастырылып, алдын алу тетіктері мен құқықтық мәдениетті арттыру мәселелеріталқыланды.
Жастар арасында адалдық қағидаттарынқалыптастыру мақсатында «Адал азамат» қағидатыаясында студенттермен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар «Адал ұрпақ – адал студент» тақырыбында өткен кездесулер барысында жасбуынның бойына адалдық, жауапкершілік жәнезаңға құрмет құндылықтарын сіңіру мәселелерінеерекше назар аударылды.
Квазимемлекеттік сектордағы ашықтық пен басқару сапасын арттыру да маңызды бағыттардыңбірі ретінде айқындалды. Осы мақсаттакорпоративтік этика, адал басқару және сыбайласжемқорлыққа қарсы саясатты институционалдықдамыту мәселелеріне арналған арнайы семинар өткізілді. Шара барысында ұйымдарда тиімдібасқару тетіктерін енгізу және сыбайласжемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдарықарастырылды.
Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсысаясаттың жаңа тұжырымдамасын қалыптастыру: негізгі сын-қатерлер мен жүйелі шешімдер» тақырыбында мемлекеттік органдар, оғанбағынысты ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам және бизнес қауымдастықөкілдерінің қатысуымен кездесулер мен онлайн-кеңестер өткізілді. Іс-шаралар барысында жаңатәсілдер, өзекті мәселелер және олардың тиімдішешу жолдары талқыланды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастықалыптастыруға бағытталған ақпараттық құралдарда кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда, «Адалазамат – әділетті қоғамның негізі», «Сыбайласжемқорлықтың бағасы бар. Және оны басқалартөлейді» тақырыптарында екі арнайы бейнероликдайындалып, тұрғындар назарына ұсынылды.
Сондай-ақ халық арасында парасаттылық пен адалдық құндылықтарын насихаттау мақсатындажаңа ақпараттық баннерлердің эскиздері әзірленіп, барлық мемлекеттік органдарға таратылды. Қазіргіуақытта облыстың 10 ауданында және 24 ауылдықокругінде аталған баннерлер халық көп жиналатынорындарға орналастырылуда. Бұл бағыттағыжұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастыру – бір күндік жұмыс емес. Олтұрақты түрде жүргізілетін жүйеліпрофилактикалық, тәрбиелік және ақпараттықжұмысты талап етеді. Қоғамда адалдық пен заңғақұрмет қағидаттары берік орныққанда ғана әділеттімемлекет құруға болады.
Әр азамат сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікқағидатын ұстанып, қоғам өміріне белсендіқатысқан жағдайда ғана адал әрі парасатты қоғамқалыптасады. Өйткені әділетті қоғам – адалазаматтардан басталады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру