8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Мамыр 2026 386 0
Өңір жаңалықтары

Халықаралық әуе рейстерінің саны артады

Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысының авиация саласында оң динамика байқалып отыр. Кейінгі үш жылда әуе кемелерінің ұшып-қону жиілігі 24 %-ға, максималды ұшу салмағы 49%-ға артқан. Сондай-ақ жүк пен пошта өңдеу көлемі 48%-ға, жолаушылар ағыны 43%-ға көбейді.

Қазіргі таңда Мәншүк Мәметова атындағы «Орал» халықаралық әуежайы арқылы 5 республикалық және 2 тұрақты халықаралық бағыт бойынша әуе рейстері орындалуда. Бұдан бөлек, Анталья мен Шарм-эль-Шейх қалаларына маусымдық рейстер ұйымдастырылып келеді.

Алдағы уақытта халықаралық бағыттар саны тағы да арта түспек. Атап айтқанда, келесі айда Стамбул–Орал–Стамбул бағыты бойынша жаңа тұрақты рейсті іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бастама өңірдің халықаралық байланысын нығайтып қана қоймай, туризм мен іскерлік қатынастардың дамуына, сондай-ақ көлік-логистикалық әлеуеттің артуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Көлік министрлігімен бірлесіп Атырау және Қарағанды бағыттары бойынша әуе рейстерін субсидиялау мәселесі қарастырылуда. Ресейлік әуе компанияларымен Мәскеу қаласына бағыт ашу мүмкіндігі де зерделеніп жатыр.

Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде. Өткен жылы рульдеу жолағы мен перрон жөнделіп, инженерлік инфрақұрылым және авиациялық қауіпсіздік жүйелері жаңартылды. Цифрландыру бағытында да бірқатар жоба іске асырылды. Атап айтқанда, рейстерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін операциялық деректер базасы мен IT-инфрақұрылымды мониторингтеу жүйесі қолданысқа енгізілді. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып, тіркеу, ақпараттандыру және жүк беру үдерістерін жеңілдетуге ықпал етті.

Алдағы 2026–2030 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында әуежайдың өткізу қабілетін арттыру және инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірде шағын авиацияны дамыту мәселесін де назарға алуды тапсырды. Әсіресе, туристік әлеуеті жоғары Бөкей ордасы ауданына әуе қатынасын ұйымдастыру мүмкіндігін жан-жақты қарастыру қажеттігін атап өтті.

Алдағы жоспарлардың жүзеге асуы әуежай қызметінің сапасын арттырып қана қоймай, өңірдің туристік және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Осылайша, Батыс Қазақстан облысы халықаралық әуе қатынасы дамыған өңірлердің біріне айналуға қадам жасап отыр.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
101 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
294 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»